Гүлзира Айдарбекова казинода Қайраттың қарызын күйеуім жауып берді деген актриса сөзіне пікір білдірді
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың казинода қарызға белшеден батқанын айтқан актриса Динара Әлжанға жауап берді деп хабарлайды Уақыт.кз.
Қайрат Нұртастың анасы ұлына байланысты пікірді әлеуметтік желіде жазды. Оқырмандардың бірі Болаттың тоқалы балаңыз туралы айтқанына не дейсіз? Шынымен казинода көмектескені распа деген сұрағына былай деп жауап жазған.
"Кім не айтпай жатыр. Қайратты айтса күшті хайп болатынын басқа былай тұрсын, өзіңнен де байқап тұрған боларсың. Ондай өсекші хайп іздеген журналистерге уақытым жоқ, өсегіне ақталып отыратын. Шымшылап отыр ғой, бізді қарсы шықса шулатса біздің ютубтың просмотры көтеріледі деп. Ол ойындарына тойғанмын. Білген өсектерін айта берсін. Қайрат казинода отырса, күніге концерт беріп, тойға шығып жүрген двойнигі ма екен. Не істеп жүргенін күніге инстасынан көріп отырсыңдар ғой", - деп жазады ол.
Десе де, бұл жауапқа оқырмандардың пікірі екі жарылған. Бірі Гүлзира Айдарбекованың жазбасын қолдайтынына тоқталса, енді өзгелері болған жайтты мойындау да ерлік екенін айтуда.
Еске салайық, Уақыт.Кз бұған дейін Болат Назарбаевтың тоқалдарының бірі болған актриса Динара Әлжан әнші Қайрат Нұртасқа қатысты ел естімеген құпияның бетін ашқанын жазған еді.
Қайрат Нұртас "мамасының" баласы ма? Гүлзира Айдарбекова бар шындықты жайып салды
Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қоғамдағы көп айтылатын сөзге жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қайрат, мамасының баласы". Қоғамда жиі айтылатын осы бір сөзге Гүлзира Айдарбекова ашық жауап берді. Ол бейнежазбаны әлеуметтік парақшасына жүктеген. Онда дәл осы сөз айтылған сайын өзін ыңғайсыз сезінетінін, бірақ концерттердің бірінде Қайраттың арнайы мәлімдемесі жүрегін орнына түсіргеніне тоқталады.
"Қайрат мамасының баласы" деген сөз көп айтылады. Тіпті бұл сөз баламның психологиясына әсер етті десем де болады. Бірақ Қайрат бір концертінде "Сен қандай жағдайда болсаң да, мейлі мүгедек бол, сені тастамайтын бір-ақ жан, ол – ана" деп мәлімдеді. Жұмақтың кілті – ананың табанының астында дейді ғой. Баламның сол сөзінен кейін өзім жеңілденіп қалдым. Себебі бұған дейін әлгі сөзден мен өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Бұл Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да диапазоны кең, дауысы мықты қаншама әншілер бар. Бірақ Құдай бақты көтере алатын адамға береді. "Қайрат анасының арқасында жүр" дейтіндей, мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен тек оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді. Қайраттың арманын орындағым келді. Қанша адамдардың алдына барып: "Продюсер болсаңыз екен" деп өтініш айттым. Ол кезде Қайрат танымал болмаған соң ешкім елеген жоқ. Кейін шыққаннан кейін ғана: "Охо, бізге беріңіз" деп жатты. Бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, өзім сонымен айналысып кеттім. Армандарымның орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын", – дейді Гүлзира Айдарбекова.
“Түк қалдырмай тонап кетті”. Гүлзира Айдарбекованың үйіне ұры түсті
Бұл туралы белгілі продюсер Мақпал Қаратайға берген сұхбатында жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Бұрындары керемет үйім болса деп армандайтынмын. Негізі көп арманым орындалды. Мен кішкентай кезімнен Қазақстанның ең көрікті қаласында тұрамын деп армандайтын едім. Расында кейін Алматыда тұрдым. Содан соң Астанадан да үй алдық. Екі жақта да менде мүмкіндік болды. Екі жақта да қара шаңырағымыз бар. Ол арманым орындалды. Коттеджіміз де болды. Бірақ жер үйдің тірлігі бітпейді.
Ал бізде күнде қозғалыс, жұмыс. Оған уақыт жоқ. Бір күні сол коттеджімізге ұры түсті. Сейфтарымызды, бағалы тондарымды түк қалдырмай тонап кеткен кезіміз болды. Үйдің бәрі суық сияқты. Тіпті кіргім келмей қалды.Осы жағдайдан кейін дәулетке қызықпаймын деп шештім. Бұл оқиғадан сабақ алдық. 2020 жылы індет жайлаған кезде анам мен ағамнан айырылдым.
Екеуі де ақ матаға оранып кете барды. Артында жинаған байлығы қалды. Соны көріп, тәубаға келдім. Қазір қарапайым көпқабатты үш бөлмелі үйде тұрамыз. Қажеттілікке жүріп тұрған бір ғана көлігіміз бар. Ақша мен дүние-мүліктің түбіне жету мүмкін емес екенін түсіндім," - деді Гүлзира Айдарбекова.
Қайрат Нұртастың ажырасып кеткен інісі екінші рет үйленді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші ұлы Заңғар әулетке келін түсірді. Қыз ұзату тойының видеоларын Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, құда болғандарын қуана жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Құдай қосып құда болдық! Жүрегім лүпілдеп ең кішкентай жүрегіміз Заңғарымның өмірлік жары Индира келініме сырға салып, құда-жекжат болып жатырмыз. Балаларымыз бақытты, үбірлі-шүбірлі болсын. Барлық айтылған ізгі бата-тілектер періштенің құлағына шалынсын. Баршаңызға той жұғысты болсын! Сіздер де ізгі бата-тілектеріңізді, құттықтауларыңызды жазып кетіңіздер”, - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Танымал продюсер халықтың сұрауы бойынша коуч атанбақ
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қазақстандағы №1 коуч болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Маған direct-ке қыздар «Сізден неге сабақ алмасқа?» деп жазады. Үлкен кісілер де көрген жерде «Біз кімнен сабақ алар едіңіз?» деп сұрасақ, «әрине, Гүлзира Үсенқызынан» деген жауап естиміз деп көп айтады. Мен шетелдік кітаптарды оқып алып, қайталап айтып бермеймін. Ойланып қарасам, менің өмірден алған сабағым көп, маған неге ақыл айтпасқа? Өмірге бала алып келіп көрмеген, бала тәрбиелемеген адамдар «коучпын» деп шығып жатыр. Өзі күйеуге тимеген қыздар отбасылық бақыт туралы айтқысы келеді. Мұның бәрі дұрыс емес. Соны көріп тұрып, қарным ашады. Біздің қазақтар кейде шетелдің менталитетімен өмір сүргісі келеді. Қазақы менталитетіміз басқа ғой. Үлкенді, ата-енені сыйлау, құрметтеудің барлығы келінге байланысты. Келін - үйдің бағы. Біз келіндерімізге ақылымызды айтуымыз керек”, - деді Гүлзира Айдарбекова.