“Жабысып өліп барады”. Төсекке аунаған Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков қызу талқыға түсті
Кіші ұлы Заңғарды үйлендірген Айдарбековтар отбасы кезекті рет құда атанды. Олардың төсекке аунаған сәті ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Құдалардың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда көрпеге жамылған Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековті көруге болады. Айта кетейік, күні кеше ғана танымал отбасы кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізген болатын. Желі қолданушылары жастарға бақыт тілесе, олардың төсекке аунаған ата-анасына қатысты түрлі пікір жазған.
“Мынау қайдан шыққан дәстүр”, “Надандар”, “Мұндай дәстүр Шымкентте бар. Құдағи көрпе деп атайды”, “Екі жас бақытты болсын!”, “Нұртас ағамыз да, Гүлзира ханым да өте жақсы кісілер. Осындай құдалық бізге де жұғысты болсын”, - деп жазды желі қолданушылары.
Роза Әлқожа ене атанып, ұлының тойын дүркіретіп өткізді
Танымал әнші Роза Әлқожа үлкен ұлын үйлендірді. Той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Роза Әлқожаның үлкен ұлы Бейбарыстың тойына әншінің өнердегі әріптестері келді. Олардың арасынан Сәкен Майғазиев, Нұрболат Абдуллин, Гүлзира Айдарбековаларды көруге болады. Тойдағы сәттер әлеуметтік желіде тарап кетті. Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Түске дейін оятпаймын”. Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы ащы шындықты айтты
Белгілі продюсер Гүлзиар Айдарбекованың отбасы халық үшін қашан да қызық. Ол келіндері туралы, соның ішінде Жұлдызға қатысты қойған оқырманының сұрағына былай деп жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, "Гүлекең күн бермейді екен", "Ауызын ашып ұрысыпты" дегенді естідіңіз бе? Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз”, - деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.
Әйелімен төсекте аунаған Абай Бегей көпшіліктен кешірім сұрады
Жақында ғана келін түсіріп, шымкенттіктермен құда болған Абай Бегей құдалықтағы әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Жергілікті жердің дәстүрі бойынша, ол құдалар әкелген көрпе-жастыққа әйелімен аунаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған. "Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отырғасын солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын", - деді әнші "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.
Uaqyt.info бұған дейін Гүлзира және Нұртас Айдарбековтердің де құдалық кезінде төсекте аунаған видеосын жариялаған болатын.
“Тамақ істей алмайды”. Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың қандай келін екенін айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбукәрімова туралы ел білмейтін шындықты айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Жұлдыз келін болып түскенде, 19 жаста болды. Ал Қайрат 18 жаста еді. Келін бөтен үйге келгенде ештеңе білмей келеді. Үйрету біздің парызымыз. Бірінші келген кезінде қызықтары көп болды. Қонақта отырсам, "Бірінші пияз салам ба? Ет салам ба?" деп хабарласты. Сөйтсем, Қайрат екеуі тамақ дайындайын деп жүр екен. Қазір тамақты өте дәмді дайындайды. Келіндердің барлығы солай. Келген кезде қиналады. Үй қызметшілері ауысқанда басқасын тапқанша арасында үзіліс болады. Сондай кезде өздеріне қиын болады. Негізі барынша қиналдырмауға, жағдайларын жасауға тырысамын. Нұрекең "Сен келіндерді жаман үйреттің. Үйдің шаруасын білмей қалады" дейді. "Менің көргенімді көрмей-ақ қойсын. Өздері білетін шығар. Түсінетін шығар" деймін. Біздің үйде міндетті түрде нан жабамыз. Келін біздің өміріміздің жалғасы. Сондықтан бәрін үйретуіміз керек. Ене барынша түсіндіруге тиісті”, - деді Гүлзира Айдарбекова "MOM’skий әңгіме" жобасына берген сұхбатында.