Әлем чемпионатында топ жарған боксшылар 100 мың доллар сыйақы алады
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында үздік шыққан боксшыларға қомақты сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Бокс – еліміздегі ең танымал әрі ең нәтижелі спорт түрі. Сондықтан, Ташкенттегі әлем чемпионаты жанкүйерлердің ерекше назарында болары анық. Қазақстан бокс федерациисы, бапкерлер және спортшылардың өздері алдағы додаға тиянақты дайындалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Демеу болса, ұлттық құраманың боксшылары аянып қалмасы анық. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Барлығымыз бір жұдырық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Әлемдік аренада тағы бір мәрте үздік атану үшін қауқарымыз жетеді. Жігіттерімізді ынталандыру мақсатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз харажатымның есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ доллары қарастырылған » , – деді федерация президентаі.
Айта кетейік, бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсеке 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтеді.
Әлем чемпионы Олимпиада чемпионынан көп қаржы алады
Халықаралық бокс қауымдастығы президенті (IBA) Умар Кремлев Ресейдің Газпромының арқасында боксты ұстап қалам деп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Telegram-дағы BEK Sport арнасының жазуынша, қазір әуесқой бокста бұрын-соңды болмаған ақша бөлініп жатыр. АҚШ, Британия бастаған елдер бойкот жариялап келмеді. Сондықтан басқаларды ақшамен қызықтырып ұстамақшы.
Жалпы, жүлдеге 5,2 миллион доллар бөлген. Оның ішінде чемпион 200 000 доллар (89 760 000 теңге), күміс жүлдегер – 100 000 доллар (44 880 000 тенге), қола жүлдегер – 50 000 доллар (22 440 000 теңге) алады.
Оған қоса, біздің Кеңес Рақышев өз қалтасынан 100 мың доллардан берем деді. Сонда бокстан әлем чемпионы атанған қазақ боксшысы 300 мың долларға ие болады. Бұл Олимпиада ойындарында берілетін қаржыдан көп.
Естеріңізге сала кетсек, елде Олимпиада чемпионына 250 мың доллар беріледі.
Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президенті Джо Байденнің ұлына қымбат көлік сыйлаған
АҚШ өкілдер палатасының қадағалау комитеті Джо Байден вице-президент болған тұста оның ұлы Хантер Байден Украина, Ресей және Қазақстан олигархтарынан жиынтығы 20 миллион доллар алғанын мәлімдеді. Бұл қатарда Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышевтің де қомақты сый жасағаны айтылады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кеңес Рақышев пен Хантер Байденнің арасындағы байланысты Азаттық жазды. Дерекке сүйенсек, АҚШ өкілдер палатасының қадағалау комитетінің төрағасы конгрессмен Джеймс Комер президент Джо Байденге қатысы болуы мүмкін халықаралық қаржы операциялар туралы есепті жариялады. 19 беттен тұратын құжатта Байден вице-президент болып тұрған тұста оның ұлы Хантер Байден ресейлік олигарх Елена Батурина мен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтан қомақты қаражат алғаны және вице-президенттің Батурина, Рақышев пен украиналық Burisma Holdings энергетика компаниясының өкілімен бірге кешкі асқа барғаны жазылған.
"Джо Байден вице-президент болып тұрған шақта Хантер Байден Қазақстан, Ресей және Украинадағы олигархтардан миллиондаған ақша алу үшін оны (әкесінің қызметін – ред. ) "бренд" ретінде саудалаған" деді Комер сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.
Құжатта Хантер Байден негізін қалаған фирмалардың үшеуі - Rosemont Seneca Partners, Rosemont Seneca Thornton және Rosemont Seneca Bohai жөнінде айтылады. Яғни Кеңес Рақышев сингапурлық Novatus Holdings компаниясының көмегімен 142 300 доллар қаражатты Rosemont Seneca Bohai есепшотына аударған. Ертесіне дәл осы көлемдегі ақша Нью-Джерсидегі автосалонға Хантердің спорт көлігі үшін төленіпті. Құжатта бұдан бөлек, Хантер Байденнің ресейлік олигархтармен де байланысына нұсқайтын деректер бар.
Дей тұрғанымен өкілдер палатасындағы демократтар бұл құжатты "жалаң сөз" деп атап, ол Джо Байденнің қандай да бір заңсыздықтарға жол бергенін дәлелдемейді деген қарсы уәж айтуда.
Кеңес Рақышев – Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымның бас хатшысы, түрлі жылдары Алматы қаласының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Астана әкімі, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы. Forbes.kz басылымы Кеңес Рақышевтің байлығын 570 миллион долларға бағалаған.
Ұлттық киім киген Иманғали Тасмағамбетовтың қызы мен күйеу баласы жұртты сүйсінтті
Кеңес Рақышев пен Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел көпті тәнтті етті. Ұлттық киім киген жұбайлардың фотосын кәсіпкер Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Соңғы кездері қоғамда қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу тренді бұқаралық деңгейге шығып келе жатқаны қуантады. Бүгін Атырауға жұбайымен бірге Кеңес ағамыз келді. Көптің алдында қазақтың керемет оюлы шапанын киіп жүргендеріне риза болып отырмыз, - деп жазды Арман Тұғаев.
«ЕСКІ» МЕН «ЖАҢАНЫҢ» ҚАҚТЫҒЫСЫ МҮМКІН БЕ? ТАСМАҒАМБЕТОВ КІМНІҢ «КӨЗІРІ»?
Марқұм Болат Назарбаевтың, Астанада ағасы тұрғызған мешітте берілген, жетілік асы түрлі саяси болжам-жорамалға мұрындық болды. Экс-президент берген асқа ылғи «экстердің» жиналғаны, бүгінгі биліктегілердің тарапынан ешкімнің болмағаны, онда айтылған сөздер, кәзіргі президенттің шамасын кекету мен Нұрсұлтан Назарбаевты жат та кеп мадақтау – «ұзынқұлақтың» ғана емес, тәуелсіз саналатын масс-медиа арналарының да ортақ тақырыбына айналып шыға келді. «Бұлар билікті қайтарып алуға дәмелі» дейді бәрі де, естіген, көргендерін қорытындылай келіп. Бұл айтулы жиынның мемлекеттік «Хабар» арнасынан көрсетілуі де бекер емес-ау. Яғни, жалпы жұрт көріп, кейін түрлі теле/ютуб сәуегейлердің «сараптамасына» құлақ түруі қажет болған шығар?
Мүмкін. Оның үстіне, бұл топтың биліктен толық қол үзбегені анық. Әлі де «жалғанды жалпағынан басып» жүргендері бар. Отыз жыл жиған орасан байлықтың күші, әрқайсының «жаңалардың» алдындағы мысы («ағалығы», «жағалығы» бар деген сияқты), аямай «қауып» алатындай «тісі» бар. Дегенмен де, қай-қайсына болмасын тықыр таяна түскен. Боранбаевтың басын бәлеге қалдырған тірлігі бұлардың, бәрінің болмаса да, біршамасының басына тиері ғажап емес. Өйткені, бір кездері өздері сенген Тоқаевтың ойы да бөлек тәрізді. «Қалыптасып қалған стандартты жоймай, түбегейлі өзгеріс жасау мүмкін емес» дегенді айтып та қалды. Алайда, президенттің айтқанын жүзеге асырар атқарушы органдар, әсіресе, құқық саласында, жоқтың қасы десек те болады. Өйткені, жүйелік түрде өзгермей қалған ескі формат бәрінің аяғына тұсау сынды. Ел мүддесін көздегеннген бұрын, кәлләларында әр шараны барынша пайдаланып қалу пиғылы басым. Әйтсе де, алғашында зорға қозғалғандай болған «жазалаушы» тетік, барған сайын, күшейе түскендей. Оның үстіне, бұл істі жандандыра түсетін, тек жаңадан ұйымдаса бастаған саяси-экономикалық күштердің «май шелпектен» барынша «қарпып» қалмақшы мақсаты ғана емес, «елге қайтарсын!» деген қоғамның да талабы бар. Оның көңілін ептеп болса да таппаса, тағы бомайды.
Сөйтіп, биліктің қолы, біртіндеп, Назарбаевтардың да жағасына жармаса бастағандай. Онысы шын қаһары ма, әлде, «міне, күресіп жатырмыз» деген сынды көпе көрнеу ісі ме? Сонымен, ҚТЖ бұдан былай Әлия Назарбаеваның «Instant Payments» компаниясымен жұмыс істемейтін болады дейді үкіметтегілер. Қазақстандықтардың қалтасына түсуге құмар кенже қыз пойызға сатылған әр билеттен пайда көріп келген. Темір Жолдың өзінің жаңағы компаниясымен бизнес қатынасты үзетінін естігенде, Әлия акционерлер құрамынан шығып кеткен көрінеді. Шынымен солай болып жатса, Нұрсұлтанның кенже қызының орнын кімнің кенже қызы басар екен? Кәзір істі ашық байқауда ұтқан компанияға өткізіп беріп жатқан көрінеді. Кімнің, нендей компаниясы екені туралы ҚТЖ төрағасы айтқан жоқ. Яғни, билет үшін қосымша құнды Әлиядан басқа «жаңа» біреуге төлейтін боламыз. Ол «жаңаның» терісін жамылған сол Әлияның өзі болып шықпасына кім кепіл? Ертеректе уәде еттілгендей, билетті ҚТЖ-ның өзі сатса не болады? Былайша алғанда, бұл мәселе де, жыры таусылмай келе жатқан, утиль алым сияқты. Ол былықтан да кенже қыз аман шығып, айыптының күні есігіндегі «күңіне» түскенін білесіздер. Ал, қара халық, өзінің қалтасын тесіп отырған, қосымша салықтан әлі құтылған жоқ.
QazaqGaz-дың кеңсесінде тінту жүріп, бірнеше топ-менеджері ұсталды. Бірақ ешкім қамалған жоқ, ешкімге айып тағылмады. Антикор берген түсініктемеден де дәнеңе ұқпайсың. Оларға сенсек, компания қызметкерлеріне қатысты сот алды тергеу амалдарына орай жүргізілген шара көрінеді. QazaqGaz – үлкен қыз Дариғаның екінші күйеуі саналатын Қайрат Шәріпбаев басшылық жасайтын геологиялық барлаудан бастап, газды өндіріп, сату саласындағы ұлттық компания. Болат марқұмның жетісі өте сала, антикордың осындай әрекетке барғаны қалай сонда? Мыналардың аналарға көрсеткен қыры ма?
Меніңше, мұның бәрі, кейбір амал-тәсілдері көпке көрініп қалып жатқанымен(әдейі), «кілем асты» тірліктер. Сондықтан да, сіз бен біз сахнадан шалғай «балконда» отырған көрермен ғанамыз. «Қайтқан малдан» бізге қайыр бола ма, жоқ па, ол жағы да беймәлім. Ал, «қайраттардың» орнын «айраттар», «әлиялардың» орнын «ғалиялар» басқаннан нәтижесі өзгере қоймайды. Ол үшін жүйелік қайта құрылымдар қажет. Ал, бүгінгі билік ондай реформаларға батыл бара ала ма? Әзірге оның ауылы алыс дер едім. Өйткені, ат ауыстырып мінуге болмайтын, асуда тұрмыз. Ушыға түскен халықаралық жағдайдың салқыны біздің елге тиіп кету қаупі де басым. Сондай-ақ, «ескі» мен «жаңаның» арасында еш айырмашылық та көрінбейді, қайшылық та байқалмайды. Жоқ нәрсені байқау, көру мүмкін бе? Ал, Қазақстан билігіне де, халқына да қауіп басқа тұстан келсе ше?
Мен өткен мақаламда Ресейдің Орталық Азия аймағынан «қалай кетуі мүмкін» деген ойымды жазғам. Әрине, ол Ресейді ығыстырып шығармақшы күштердің тарпынан келеді. Ал, Ресей көне қоя ма? Тіпті, кейінгі күндері Ресей Украинадан жеңіліп қалғанның өзінде, оның бұрынғы одақты қайта құру пиғылы қалмайтынын, кезіндегі одақтас, кәзіргі күндері дербес республикалардың біріне шабуыл жасауы әбден мүмкін деген жорамалдар айтыла бастады. Ал, ол ролге қай республика лайық?
Балтық жағалауындағылар тәуелсіздік ала салып, НАТО-ның «қолтығына» кіріп алған. Беларус – прокси. Оны басып алмаса да, өзінікі. Әзірбайжан – түріктердің одақтасы. Әскері сақадай сай. Армяндармен ортақ шекара жоқ – әскер кіргізу айтарлықтай қиындықтар туғызып, шығынды еселей түседі. Өзбек, тәжік, қырғыздар қазақтардың артында. Кандидаттардың қатарында Грузия мен біз қаламыз. Екі елдің де биліктері Мәскеуге «оң қабақ» танытып отырғанымен, астыртын алшақтай бастағаны байқалады. Одан кейін, Ресейдің бізге деген «қырғи қабағын» жақсы білеміз. Ол ойларын жүзеге қалай асыруы мүмкін?
Оның үзік мысалын, бірер апта бұрын, Мақашқала әуежайынан көрдік. Бұл – Кавказ бен Орталық Азияда исламшыл күштерді қалай ұйымдастыру технологиясының, ислам тақырыбын ұстанған, біздің аймақтарда кең тараған медиаресурстардың жаппай пропагандасының жемісі. Палестинадағы қақтығыстарды ұтымды пайдаланып кетті. Үгіт-насихатын, негізінен, Telegram, Instagram, TikTok желілерінде жүргізеді. Насихат өнімдері 15 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Бұл интернет насихатшылар Кавказ бен Орталық Азияда еркін тарап жатқан Ресей медиасындағы пропаганданың ауанына иек артады. Хамас терроршыл тобын еш даттамайды, бәріне кінәлі АҚШ пен Израиль етіп көрсетеді. Бұлар әрқайсы ислам фундаментализмін дәріптейтін түрлі ағымдарыдың идеясын құптайтындар. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ бағытында түрік медиаресурстары белсенді. Оған жергілікті теріс ағымдарды қосыңыз. Ал, бұл діни ағымдарды Ресей бізге қарсы қалай пайдаланбақшы?
Кейбір сарапшылар Мәскеу Ақордаға өкпесі қара қазандай Иманғали Тасмағамбетовті «майданға» салмақшы дейді. Оның ислам дінінің сопы орденімен(тарикаты) жақын қарым-қатынасын алға тартады. Өзі де, күйеу баласы Кеңес Рақышев та сол орденнің мүшелері көрінеді. Шешенстан лидері Рамзан Қадыровпен достығы да содан туындап жатса керек. Ал, Имекеңнің сопылардың көсемі Исматулламен жақындығын оның Алматыда билік құрған кезеңінде байқағанбыз. Бас сопының шәкірті Ғалым Боқаштың оның әкімдігінде биік лауазым иеленгені де бекер емес. Мақашқаладағы жаңағы «әуежай бүлігіне» Қазақстан түрмесінен шыққан соң, Дағыстанда қоныс тепкен, Исматулланың ықпалы болды дейді. Оның Қазақстан мұсылмандары арасындағы ықпалы да еш азайған жоқ. Міне, Иманғали мен Исматулланың осы «одағын» Кремль барынша пайдалануға ниетті екен. Ел ішінде қолдау табатынына күмәндәрі жоқ. Қаптаған мешіттер, уағызшы діншілдер жастарды жаппай намазға жығып жатқанын білеміз. Біршама теріс ағымдағылардың криминалмен де бітісіп кеткені бар. Ал, Иманғали Тасмағамбетов қарсылық лидері болуға әбден дайық. Екі тілде шешен, батыс қазақтары үшін көсем. Ол өңірлерде, анда-санда естіліп қалатын, «бөлініп кетсек, мұнайдың қызығын өзіміз көрер едік» деген де арандатушы көңіл-күй бар және ислам дінінің орны зор. Қорғаныс министрі болған, онда да өзін қолдайтын жақтастары бар. Пәтер беріп, сый-сыйапат көрсетіп жатып, талай «жазғыштың» ауызын алып қойған. Комсомол көсемі. Кинодағы әйгілі қызыләскер Суховша киініп, шәугімін көтерген суреті де кең тараған болатын. Онысы 5-колоннаның көкейіне қонады. Яғни, елде Иманғалиды қолдап шығатындар жетерлік. Олардың қолында қару бар екенін де ұмытпаған жөн.
Жуырда ғана Минскіде өткен ҰҚКҰ-ның жиынында Тасмағамбетов пен Тоқаевтың сырттай «сөзге келіп» қағланы туралы жазбаған БАҚ жоқ. DALA INSIDE-қа сенсек, Астанаға келген кезінде Макрон Тоқаевтан «Тасмағамбетовтің пікірлері Қазақстан саясатының айналасында айтылып жатыр ма?» деп сұраған көрінеді. Тоқаевтың Минскідегі жиында «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер болса да, оны үнемі айта берудің қажеті жоқ ... Ұйымның риторикасы қатал, әйтсе де белгілі бір деңгейде қисынды болуға тиіс» дегені, Имағалидың Батыс елдеріне қарсы бір сарынды мәлімдемелерін сынағаны дейді. Яғни, Тоқаев Кремльдің Иманғалиға қатысты ойынан хабардар.
«Тасмағамбетов болса, 2029 жылы президенттік сайлауға түсу сценарийін ойластырып отыр. Ол Кремль мен ФСБ-ға сүйенбекші. Олар болса, Тасмағамбетовты соңына дейін қолдап, Қазақстан президенті қылуға дайын. Тек Иманғали Тасмағамбетов, өз кезегінде, Қазақстанды Ресей-Беларус одағына кіргізіп, кіші КСРО құруға барынша ат салысуы тиіс», дейді DALA INSIDE.
Міне, осы жағдай Тоқаев билігі үшін, тіпті, «ескі Қазақстан» үшін де, қауіпті. Бәріміздің шекемізді қыздыра қоймас. Украина территориясының Ресей басып қалған бөлігіне негізінен әскердің күшімен емес, колоборанттардың, полицияның, басқа да органдар мен чиновниктердің сатқындығының, яғни 5-колоннаның арқасында қол жеткізгені естеріңізде болсын.