Thursday, 19 September,2024

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары кімдер?

Uaqyt.info 2023-05-13 486
Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары кімдер?

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық бес боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы BEK Sport арнасы жазды. Бүкіл әлем көз тіккен әлем чемпионаты мәреге жетуге жақын қалды. Қазақстан құрамасы биылғы байрақты бәсекеде неше медаль алуы мүмкін?! Uaqyt.info финалға шыққан боксшылардың тізімін жариялады. Олар:

Санжар Тәшкенбай - Сахил Аллахвердови (48 келі), Махмуд Сабырхан - Ойбек Жураев (54 келі), Дулат Бекбауов - Асадхужа Муйдинхужаев (67 келі), Асланбек Шымбергенов - Саиджамшид Жафаров (71 келі), Нұрбек Оралбай - Таңатхан Тоқтарбек (80 келі).

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Uaqyt.info 2023-05-14 401
Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы  Санжар Тәшкенбай алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

48 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды. Ол финалда грузиялық Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. 19 жастағы спортшының бұл жетістігіне қуанбаған қазақ шығар, өйткені Өзбекстанға аттанған 13 боксшының сегізі жарысты ерте аяқтаған болатын. Uaqyt.info әлем көз тіккен байрақты бәсеке туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Uaqyt.info 2023-05-14 376
Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұд Сабырхан өзбек боксшысы Ойбек Джураевты айқын басымдықпен ұтты. Ол қарсыласын екі раундта екі рет нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медаль түсті. Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанған болатын.

Президент әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Uaqyt.info 2023-05-15 419
Президент әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлем чемпионы атанған қазақтың төрт жігітін Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында құттықтады.

“Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!”, - деп жазды Президент. 

Меценат Махат Төреәлі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға пәтер кілтін тапсырды

Uaqyt.info 2023-05-17 1319
Меценат Махат Төреәлі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға пәтер кілтін тапсырды

Белгілі меценат, "Beles" құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының алтын медаль иегері Санжар Тәшкенбайға Астананың төрінен бір бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Beles" құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған Санжар Тәшкенбайға және оның бапкеріне құрмет көрсетті. Кәсіпкер боксшыға Астанадан бір бөлмелі пәтер сыйлап, астына сәйгүлік мінгізді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай ақтық сында  грузиялық Сахил Алахвердобимен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Ташкент төрінде атой салған қазақ жігіттері туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.