Президент Ақкенттегі өрт кезіндегі ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Ерлігі үшін» медалімен:
1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Алматыдағы “Ақкенттен” тағы да өрт шықты
Алматыдағы “Ақкент” тұрғын үй кешенінен тағы өрт шықты. Бұл жолы 9-шы қабаттағы пәтерлердің біріндегі ауа сорғыш жанған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
“Бүгін сағат 19.29-да 101 пультіне Алматы қаласының Алатау ауданы Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтерде ас үйде 0,8 шаршы метр алаңда ауа сорғыш жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сағат 19.49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің 2 рангы расталған жоқ”, - делінген хабарламада.