Saturday, 23 November,2024

Әйелін ұрып өлтірген Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Uaqyt.info 2023-11-11T16:17 317
Әйелін ұрып өлтірген Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қайғылы оқиға 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде болды. Алған жарақаттан 31 жастағы Салтанат Нүкенова қаза болды.

"Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ПБ мен ПД жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" 201-бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтерді ұсыну мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысы: Полиция ескерту жасады

Uaqyt.info 2023-11-12T10:28 290
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысы: Полиция ескерту жасады

Астана Полиция департаменті бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, экс-министрдің үстінен ҚК 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев 31 жастағы әйелін мейрамханада ұрып өлтірген болатын. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.

“Қатты қорылдап жатты”. Қуандық Бишімбаевтың ағасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Uaqyt.info 2023-11-12T10:37 210
“Қатты қорылдап жатты”. Қуандық Бишімбаевтың ағасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Қуандық Бишімбаевтың ағасы күйеуінің соққысынан көз жұмған Салтанат Нүкеноваға қатысты куәлік берді. Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Сағат 7.00-де Бишімбаев әйелін соққыға жыққан -  мейрамхананың бақылау камераларынан жойылған видео қалпына келтірілді. Бишімбаевтың ағасы БАУ мейрамханасында болған оқиғаға қатысты куәлік берді деп хабарлайды Орда.кз.

Тергеудегі дереккөз маңызды мәліметтерді айтты.

Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы 9 қараша күні оқиға орнында болған. Бүгін куәлік берді.

9 қараша күні таңертең Қуандық Бишімбаев ағасына телефон соғып, тезірек мейрамханаға келуін өтінген.

Таңертеңгі сағат 9:30 шамасында ол мейрамханаға келіп, бірінші VIP кабинада жарық жанып тұрғанын көреді.

"Есікті қақтым, бірақ Бишімбаев көрпе алып келуімді өтініп, ішке кіргізбеді. Мен айтқанын істедім, киім ауыстыратын бөлмеге барып, екі көрпе алып, вип бөлмеге келдім. Сол жерде қимылсыз жатқан Салтанат Нүкенованы көрдім, ол қатты қорылдап жатыр.

Ол әйел ұйықтап жатыр деп ойладым. Содан кейін мен кіреберісте еденде қан іздерін байқадым".

Ағасының көзінше Бишімбаев әйелді өзі әкелген екі көрпемен жауып тастаған.

Осыдан кейін есікті жауып, кабинетіне барған. Күндізгі сағат бірлер шамасында Бишімбаев оған тағы телефон соғып, темекі, аспирин, кетонал әкелуді бұйырады. Заттарды алғаннан кейін ол мейрамханада ешкім қалмас үшін бүкіл қызметкерлерді босатуды бұйырды. Ағасы бұйрықты орындап, адамдарды шығарып, кеңсеге қайтады.

Түстен кейін сағат екі жарымда Бишімбаев оған WhatsApp желісінде: «Гастроцентрдегі барлық бейнебақылауларды өшіріңіз» деп жазды. Ағасы дереу әкімшіге телефон соғып, мейрамханадағы ғана емес, бүкіл асхана орталығындағы бейнебақылау камераларынан барлық бейнені өшіру туралы бұйрықты жеткізді. Сағат 13:45-те бейненің жойылғанына көз жеткізу үшін басқару бөлмесіне түскен.

Сағат 14:00 Бишімбаев оны қайтадан шақырады. Бөлмеге кіргенде Нүкенованың әлі диванда жатқанын көрді, бірақ жақындамады. Қуандық одан әйелінің айфонын тауып беруін өтінді. Олар бірге іздей бастайды, бірақ оны мейрамханадан таба алмады. Содан кейін Бишімбаев көліктің (Toyota Land Cruiser) салонынан қарауды сұрады, телефон шынымен де сол жерде панельде жатқан.

Қайтып келгенде ағасына "мына телефонды Нүкенованың үйіне апарыңыз, бірақ жолда Фитнес сарайына тоқтап, 10-15 минут сонда болыңыз, өйткені ағасы телефонды геолокация арқылы бақылап отыр" деген өтініш айтады.

Осының барлығын жасап болған соң, Бишімбаев тез қайтуды талап етіп, келген бойда қарны ашқанын айтып, сағат 16:20-да тамаққа тапсырыс берген. Олар мейрамхананың жалпы бөлмесінде бірге тамақтанады. Тамақтың соңында Бишімбаев ағасынан Нүкеноваға қарау үшін кабинаға баруын өтінген, содан кейін оның қорылдауын қойғанын байқаған.

Ол жедел жәрдем шақыру керек екенін айтты, бірақ «ол ұйықтап жатыр» деген жауап алды. Бұл 16.35-те болып, 16:40-та Бишімбаев оны кабинетіне қайта шақырып, әйелдің тамыр соғысын тексеруді сұраған.

Айғақ беру кезінде ағасы тамыр соғысын тексергеннен кейін ғана Нүкенованың өлгенін түсініп, телефонынан жедел жәрдем шақырғанын айтты. "15 минуттан кейін мен дәрігерлерді қарсы алдым, сол кезде Бишімбаев Нүкенованың қасынан шықпай, қатты үрейленіп, истерикаға түскен. Жедел жәрдемнен кейін бірден полицейлер келді" дейді.

Жойылған видео бүгін қалпына келтірілді, сағат 7:00 және сол жердегі кадрларда Бишімбаевтың әйелді қатты соққыға жыққаны көрінеді”, - деп жазды Оңғар Қабден.

Әйелін өлтірген Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Uaqyt.info 2023-11-12T11:50 200
Әйелін өлтірген Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев соттың шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды”, - деп жазылған соттың ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Астананың мейрамханаларының бірінде экс-министр 31 жастағы әйелін ұрып өлтірген болатын. Uaqyt.info қайғылы оқиға туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

“Үш тергеуші ауысқан”. Көз жұмған Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр

Uaqyt.info 2023-11-12T13:52 185
“Үш тергеуші ауысқан”. Көз жұмған Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың тусытары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда марқұмның туыстарының тергеудің әділ өткенін талап еткені айтылған.

“Жерлеу рәсімінен кейін Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің барысы туралы айтты. Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күннің ішінде үш тергеуші ауысып үлгергені белгілі болды.

  «Ғаламторда жалған жарияланымдар мен пікірлердің пайда болуына байланысты олар (Бишімбаевтар) жағдайды «тыныштандырып» немесе жұмсартуға тырысады деген қорқыныш пайда болды. Іс ашылғаннан бері 3 тергеуші ауысты, қандай себептермен қайта-қайта ауыстырғаны белгісіз. Ескі тергеушілер жаңаларының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді», - деп жазады туыстары Instagram желісінде.

Нүкенованың отбасы тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр. Олар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы кешірім сұрамағанын хабарлады.

«Оның сау жері болған жоқ. Бізде мәйіттің фотолары мен видеолары бар, егер сіз оны көрген болсаңыз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіз. Адал тергеу жүргізіп, әпкеме жасалған аяусыз зорлық-зомбылықты ақтауға тырыспауды сұраймын», - деп жазды марқұмның туыстары.