Saturday, 23 November,2024

Бишімбаевтың қылмысы: "Гастро-орталық" директоры қамауға алынды

Uaqyt.info 2023-11-13T09:58 223
Бишімбаевтың қылмысы: "Гастро-орталық" директоры қамауға алынды

Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп күдікке ілінген "Гастро-орталық" директоры уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде 31 жастағы Салтанат Нүкенова кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оның өліміне экс-министр Қуандық Бишімбаев күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынды. Қазіргі таңда атышулы іс бойынша тершеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бишімбаевтың қылмысын жасырған Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Uaqyt.info 2023-11-14T12:01 247
Бишімбаевтың қылмысын жасырған Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қылмысын жасыру үшін көмектескен Гастро-орталық директоры екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

“Бау” мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынды. Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған, – делінген хабарламада.

Президент Бишімбаев ісіне қатысты министрге тапсырма берді

Uaqyt.info 2023-11-15T11:29 198
Президент Бишімбаев ісіне қатысты министрге тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен кездесіп, барқтара тапсырма берді. Соның ішінде қоғамда үлкен резонанс туғызған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың да ісі бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға қатысты тағы бір дерек пайды болды

Uaqyt.info 2023-11-16T17:41 281
Экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға қатысты тағы бір дерек пайды болды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың мәйтіне жасалған сараптама нәтижесі 1 айдың ішінде дайын болады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Қанат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Нүкенованың мәйіті жерленгенге дейін барлық қажетті сараптамалар алынған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бір ай көлемінде шығатын болады»,- деді Қанат Қожаев.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде 31 жастағы Салтанат Нүкенова қаза тапқан болатын. Ол бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі болған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Халық зорлыққа қарсы неге қорғансыз?

Құрмантай Жантелі 2023-11-20T18:00 280
Халық зорлыққа қарсы неге қорғансыз?

9 қараша күні Салтанат Нүкенованың қазасын естіп, қоғам дүр сілкінді. Марқұмның денесінде сау-тамтық жері жоқ көрінеді. Әбден таяқ жеген. Өмірі сол алған соққылардан үзілген.  Жас келіншекті өлтірді деген күдікпен  оның күйеуі бұрынғы министр, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, жоғары білімін дәлелдейтін бірнеше дипломның иесі, академик, ұстаздың шаңырағында дүниеге келіп, ер жеткен Қуандық Бишімбаев екі айға қамалды. Біраз жыл бұрын жемқорлығы үшін кесілген он жылдың бір жарымын ғана өтеп, ел ішінде еркін жүрген-тін. «Байдың баласы» емес пе...

Гастро-орталық" Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамханамен келісімшартты  бұзды

Ел есін жиып үлгерген жоқ, Талдықорған қаласы полиция басқармасын басқарып отырған Марат Күштібаев өз кабинетінде 27 жасар қызды зорлады деген күдікпен орнынан босатылып, қамауға алынды. Ал, Алматы облысында екі полиция қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Әрине, бұл екеуін өткен шақпен жұмыстан шығарып үлгерсе де, олардың бұл күндері қоғам тәртібін қорғау барысындағы мемлекеттік қызметте жүргеніне ешкім де шүбә келтіре қоймас. Халыққа қорған болатындардың сиқы осы.

Талдықорған полициясының бастығы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Бұл соңғы атышулы оқиғалардан алынған мысалдар ғана. Жалпы, қолында билігі барлар мен қалтасына ақшасы сыймай жүргендер тарапынан басқаларға көрсетіліп жатқан әлімжеттікке бойымыз да, ойымыз да үйреніп қалғалы қашан. Бұлардың бассыздығы өзге жұртқа да жұғып жатыр.  Таяқ жеген қатындар, зорланып, қорланған балалар, ақысы кеткен қарапайым жұрт ... Яғни, қоғам бүлінді.

Биыл 30 маусым күні Ішкі Істер министрлігінде өткен кеңейтілген коллегияда президент Тоқаев өткен екі жарым жыл ішінде ғана тұрмыстық қатыгездік салдарынан 300 адамның өлгені туралы мәлімет келтірді. Ошақ басында 877 әйел  ауыр жарақат алса, орташа «таяқ жегендерінің» саны 808 екен. Президент полицияны осы мәселеге барынша назар аударуға шақырған. Алайда, әлі де нәтиже жоқ. Неге?

Осындай бірнеше резонансты сот істерінде жәбірленушілерді қорғап шыққан белгілі адвокат Жанна Оразбақова (Мұхамәди) еркектердің «жүгенсіз» кеткенін заңның осалдығынан көреді. Өйткені, 2017 жылы тұрмыстық  зорлық-зомбылықты қылмыс деп танудан бас тарттық дейді.

«Денсаулыққа  қасақана зиян келтіргені үшін» деген бапты Қылмыстық Кодекстен алып тастап, Азаматтық Кодекс бойынша қарастыратын болған. Нәтижесінде, шаңырақ астындағы зорлық күрт өсіп кеткен. Бұрындары мұндай қылмыс үшін «батыр» жігіт айыппұл төлейтін. Енді, тек ескертумен құтылады. Әйелін тағы да ұрып жатса, бар-жоғы 15 тәулік отырып шығады.Былайша айтқанда, Заң зорлық жасауға бейімдердің «жүгенін» өз қолымен сыпырып алды.

Тіпті, 2020 жылға дейін әйелдерді, кәмелетке толмағандарды зорлау орташа деңгейдегі қылмысқа жатқызылып келген. Оның үстіне, екі жақ бітімге келіп жатса, қылмыстық іс тоқтатылатын. Президент пәрменімен заң қатайтылған. Алайда, адвокаттың айтуынша, енді полиция мұндай зорлық фактілерін тіркемеуге көшкен. Болмаса, тіркеймей тұрып, екі жақты келістіруге кіріседі екен.

Яғни, пайда көздей отырып, зорлықшыны құтқарып жібереді.  Өзара корпоративті ынтымақтастық па деп те қаласың. «Сенген қойларымыздың күйсегені» осындай. Соттан да қайыр жоқ. Фемиданың көзі – соқыр, құлағы – керең.  Қалтасы ғана ашық. Бұларға «әй» дейтін прокуратураның тірлігі тіпті түсінксіз. Күндері белсенді қудалаумен өтеді. Заңды өзгертіп отырғандар да биліктегілер емес пе? Күндердің бір күні өздері құлайтын жерге сабан төсегендей ғой, бұл тірліктері!  Яғни, халық «қорғансыздың күнін» кешіп отыр.

Үш жыл бұрын елде отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қабылдамақшы да болған. Бірақ, әлеуметтік желілерде табынушылық нышаны бар кейбір ұйымдар көптеп таратқан жалған ақпараттан соң, бұл құжат кері қайтарылған еді.  Мұндай заңның қабылдануына бұрындары біреуге қарсы зомбылық көрсеткені үшін жауапқа тартылғандар да, шоу-бизнес пен спортта танылған кейбіреулер де  осы жалған ақпаратты таратуға ат салысқан. 

2021 жылы Masa Media және Factcheck kz сайттарының редациялары өздерінің бірлесе жүргізген зерттеулерін жариялап, зорлық-зомбылыққа, қоғамға қажет басқа да заңдарға қарсы  әрекеттерді қолдап отыратын түрлі ғұрыптарға табынатын болмаса сондай ниеттері бар бірнеше ұйымдарды анықтаған болатын. Бұлардың ішінде аса белсенді де ықпалдысы – саенталогия Шіркеуі мен «Народное единство» («Халық бірлігі»)  деп аталатын халықаралық қоғамдық қозғалысы көрінеді. Әрине, әркімнің кімге, неге қалай сенем десе,  өз еркі. Ол Конституциямен берілген құқы. Бірақ, ешқандай сенім де, наным да қоғамды адастырмаса керек еді ғой! Пропаганданы кеңінен пайдалана отырып, неге біреулер адамға қарсы өшпенділік тудыруға мүмкіндік алады. Комитет қайда?

smartnews.kz - Салтанат Нүкенова тегі бойынша жаңалықтарАл, жоғарыдағы атышулы қазаға қайта оралсақ. Күдікті (сот шешімінзсіз «қаныпезер» деп айта алмай отырғаным) Қуандықты жақтап шығып жатқандар да жоқ емес. Арасында танымал блогерлері бар, біреулер қазаға қатысты түрлі өсек таратып отыр. Дегенмен де, қоғамның басым бөлігі экс-министрдің ауыр жаза алғанын қалайды. Осыған орай ашылған петицяға 150 мыңан астам адам қол қойып үлгерген.

Олардың қатары қалыңдай түсетіні де белгілі. Марқұмның туыстары үндеу жасап, бұған дейін пайда болған екі шаңырақ «татуласты, бітімге келді»  деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл істің тергелуін өз бақылауына алған президентке алғыстарын білдірді. Яғни, қайғылы шаңырақтағылар да, былайғы жалпы жұрт тәрізді, құқық қорғау органдарына да, сотқа да сенбейді. Олар сенімді болса, тек заң әрпіне бағынатын болса, іске президент араласпас еді ғой.

Марқұмның туыстары Салтанат кәзіргі күндері мыңдаған баланың, әйелдердің басына түскен зорлық-зобалаңға қарсы күрестің символына  айналар деп те үміттенеді. Яғни, үкіметке, парламентке емес, халыққа сенім артып отыр. Билік не дер екен? Қандай қажет қадамдарға бармақшы? Керек заңның қабылдануын жылдамдата ма? Біраз күнде естіп те қалармыз.  Ал депутатардан әзірге  естігеніміз «егер күйеуін он бес тәулікке қамайтын болса, әйелін де қамау керек» деген сөз. Өйткені, «арандататын солар», дейді.

Сондықтан, әйелдер де, «арандатушы» ретінде,  жазаға ерлермен қатар тартылуы тиіс екен. Бұл сөз «Аманаттың» мүшесі Амантай Жарқынбектің ауызынан 26 қыркүйекте заңнама және сот-құқық реформасы Комитетінің отырысында шыққан болатын. Енді не дер екен?