Бишімбаев неше жылға сотталады? Алғашқы сот отырысы наурыздың 11-не белгіленді
Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаеқа қатысты алғашқы сот отырысы наурыздың 11-не белгіленді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарайды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Бишімбаевқа қатысты түрлі ақтау посттары жарияланған болатын. Блогерлердің бұл әрекеті қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Әзірге бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қандай жазаға тартылатыны белгісіз.
Ол өткен жылдың қараша айында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінді.
Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталды
Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.
Кейіннен ол екі айға қамауға алынды және мейрамхананың директорының қолына да кісен салынды.
Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр.
Қоғамды дүр сілкіндірген ауыр қылмыс президент Тоқаевтың да жіті назарында екенін айта кетейік.
“Кінәні мойындамаймын”. Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты
31 жастағы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын жеткізді. Айта кетейік, бүгін Астанада Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Айыптау мәні түсініксіз, кінәні мойындамаймын", - деді Қуандық Бишімбаев сотта.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.
Кейіннен ол екі айға қамауға алынды және мейрамхананың директорының қолына да кісен салынды.
Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр.
Қоғамды дүр сілкіндірген ауыр қылмыс президент Тоқаевтың да жіті назарында екенін айта кетейік.
Экс-министр әйелін порнографиялық видеоларға түсуге мәжбүрлеген
31 жастағы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы Астанада өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдіктінің марқұм әйеліне қорлық көрсеткенін жіпке тізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Прокурордың айтуынша, күдікті Салтанат Нүкенованы үнемі аңдып, телефондағы жазбалары мен әлеуметтік желідегі парақшасын үнемі тексеріп отырған. Құрбы-құрдастарымен араласуға тыйым салып, жұмыс істеуіне түбегейлі қарсылық танытқан. Тіпті порнографиялық видеоларды көрсетіп, “Мынау сен емессің бе?” деп сұрайтын болған.
Сорақысы сол – таяқталған әйелі шу шығармас үшін Салтанат Нүкенованы жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген.
Сондай-ақ Айжан Аймағанбетова Қуандық Бишімбаевтың әйелін тепкінің астына алғанын, соның салдарынан келіншектің көз жұмғанын тергеу нұсқасы бойынша айтып берді.
Uaqyt.info бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың өз қылмысын мойындамайтыны туралы жазған болатын.
Елімізде енді алқабилер судьялардың ықпалынсыз шешім қабылдай алады
Алқабилер сотында шешімді кеңесу бөлмесінде судьяның қатысуынсыз 11 алқаби қабылдайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады. Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр.
Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.
Аталған норма азаматтардың құқығын қорғауға басымдық беру мақсатымен енгізілуде.
Айта кетейік, қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.