Saturday, 23 November,2024

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер ертең жабық сотта іріктеледі

Uaqyt.info 2024-03-26T14:58 197
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер ертең жабық сотта іріктеледі

27 наурызда Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрінің ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктеу өтеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сот отырысы жабық өтеді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Алқабилер алқасы 12 адамнан құрылады (10 негізгі және 2 қосалқы). Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында жүргізіледі", - деп хабарлады сотта.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалды

Uaqyt.info 2024-03-27T15:18 147
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 — негізгі құрам, 2 — қосалқы. Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00–ге белгіленді», — деп жазды Жоғарғы соттан.

Естеріңізге сала кетейік, экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қоғамда үлкен резонанс туғызған қылмыстық іс 2023 жылдың 9 қарашасында болған еді.

Сотта Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қалай соққыға жыққан сәті көрсетілді

Uaqyt.info 2024-04-03T18:37 230
Сотта Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қалай соққыға жыққан сәті көрсетілді

Бүгін сотта Астанадағы “Бау” мейрамханасының бейнебақылау камерасына түскен кадрлар көрсетілді. Онда Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы қалай тепкілеп, ұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айыптаушы тарап көрсеткен видеолардан Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы лифтке қарай апара жатқанын байқауға болады. Олар лифтте сәл кідіріп, кері шыққанан кейін Бишімбаев әйелін жұлқылап жерге құлатады. Содан кейін ол жерде жатқан Салтанатты бірнеше рет тебеді, кейіннен қол жұмсайды.

Алайда жанжал мұнымен аяқталмайды. Бишімбаев Салтанаттың шашынан сүйреп, VIP кабинкаға алып кетеді.

Айта кетейік, сол кіргеннен Салтанат Нүкенова қайта тірі шыққан жоқ.

Бишімбаев тергеу абақтысында суицид жасамақ болған

Uaqyt.info 2024-04-04T18:14 226
Бишімбаев тергеу абақтысында суицид жасамақ болған

31 жастағы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев өз-өзіне қол қалмақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ол сотта мәлімдеді. Оның айтуынша, әйелінің өлімінен кейін ол бұл өмірмен қош айтыспақ болған. Бірақ айыптаушы тарап күдіктінің сөзін жоққа шығарды.

Өйткені ол отырған камерада күндіз-түні бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұрған. Прокурорлар Бишімбаевтың әрекетінен өз-өзіне қол салатынай әрекет байқамағандарын алға тартты.

Айта кетейік, қазір қоғамда үлкен резонанс туғызған қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Uaqyt.info бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қалай ұрып-соққаны туралы жазған болатын.

Алқабилердің суретін таратқан БАҚ басшылығы жауапқа тартыла ма?

Uaqyt.info 2024-04-10T15:03 338
Алқабилердің суретін таратқан БАҚ басшылығы жауапқа тартыла ма?

ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің БАҚ-та таратылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің жариялануына байланысты келесіні хабарлайды. Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті. Тыйым алқабилерге қысым көрсету мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуi белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. “БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады. Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды.

Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сотқа қысым көрсетудің кез келген әрекетінің жолы кесілетін болады, - деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.