Saturday, 23 November,2024

Бишімбаев соты: Алқабилердің бірі ауысты

Uaqyt.info 2024-04-15T11:53 130
Бишімбаев соты: Алқабилердің бірі ауысты

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтың ісін қарап отырған алқабилердің бірі ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Процеске қатысушылар назарына, сот отырысы залына денсаулық жағдайы бойынша 2 нөмірлі алқаби келген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес алқабилер мен қосалқы алқабилер істі сот талқылауы кезінде үнемі қатысуға тиіс. Егер сот талқылауы барысында, бірақ, алқаби мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін алқабилердің кез келгені сот отырысына қатысуды жалғастыра алмайтыны анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билеттер жәшіктен шығарылған тәртіппен қосалқы алқабилермен ауыстырылады. Осыған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес №11 запастағы алқабиден №2 алқабидің орнына отыруды сұраймын", - деді судья Айжан Кулбаева.

Бишімбаев соты: Алқабилерді елге көрсеткен журналистер жауапқа тартылды

Uaqyt.info 2024-04-21T07:58 150
Бишімбаев соты: Алқабилерді елге көрсеткен журналистер жауапқа тартылды

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған Ктк арнасының журналистерінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәоіметінше, сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда КТК арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті.

Салдарынан қазақстандықтар алқабилерді көрді. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады.

Кейін Ктк қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы (сотты құрметтемеу) бойынша хаттама толтырылып, үш адам - корреспондент Анна Абрамова, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.

Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.

Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.

Ресейлік танымал журналист Бишімбаевтың сотына келді

Uaqyt.info 2024-04-22T15:39 165
Ресейлік танымал журналист Бишімбаевтың сотына келді

Ресейлік танымал журналист Ксения Собчак Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресейлік журналисттің сотта жәбірленушілердің қатарында отырғанын кадрлардан көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін судья сот отырысына журналистердің қатысуына уақытша тыйым салған болатын.

Өйткені БАҚ өкілдерінің бірі алқабилердің видеосын таратып жіберген еді. Кейіннен журналистер сол әрекетіне байланысты жазаланды. Бұл туралы Uaqyt.info жазды.

 

 

Ксения Собчак Бишімбаевтың сотына жәйша келген бе? Министр жауап берді

Uaqyt.info 2024-04-23T09:47 308
Ксения Собчак Бишімбаевтың сотына жәйша келген бе? Министр жауап берді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың сотына келген ресейлік журналистке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Жоқ, әрине. Өзім де ақпарат көздерінен көрдім. Сот процесін көрмеймін”, - деп жауап берді Аида Балаева.

Атышулы сот процесіне келген ресейлік журналист туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Әйелі өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелдермен хат жазысқан

Uaqyt.info 2024-04-23T14:47 146
Әйелі өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелдермен хат жазысқан

Қуандық Бишімбаевтың сотында бүгін күдіктінің телефонындағы хаттар оқылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атышулы Бишімбаевтың соты әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі процеяте судья Айжан Құлбаева күдіктінің телефонындағы хаттарды оқыды. Онда Бишімбаевтың басқа әйелдермен сөйлескені белгілі болды. Айта кетейік, дәл сол уақытта Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан болатын.

"9 қараша күні 19:07-де Бишімбаев "қалың қалай?" деп жазған. Юлия супер "сенің қалың қалай?" деп жазған. 19:24-те Бишімбаев "не істеп жатырсың?" деп сұраған. Юлия супер "кірпігімді жөндеттім" деп жазған. 19:36-да Бишімбаев "боссың ба?" деп жазған. Юлия супер "нешеде?" деп сұраған", - деді хаттарды оқыған судья Айжан Құлбаева.