Saturday, 23 November,2024

Салтанат өлген күні Бишімбаевпен сөйлескен көріпкел сотта жауап берді

Uaqyt.info 2024-04-24T11:57 153
Салтанат өлген күні Бишімбаевпен сөйлескен көріпкел сотта жауап берді

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта куәлік еткен көріпкел-таролог қайғылы оқиға болған күні туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова өлген күні қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көріпкел қайғылы оқиға болған күні Бишімбаевқа жедел жәрдем шақырту керектігін бірнеше мәрте айтыпты. Бірақ күдікті Салтанаттың ұйықтап жатқанын және ол туралы мәліметтерді біліп беруін сұрап, қайта-қайта хат жазып, қоңырау шалған.

“Мен Бишімбаевқа жедел жәрдем шақыру керектігін бірнеше мәрте айттым. Кейіннен анасына хабарласып, баласының бірнәрсе бүлдіргенін жеткіздім. Анасы жылап жіберді”, - деді көріпкел сотта.

Сондай-ақ сотта көріпкелді Бишімбаевқа анасы Альмира таныстырғаны белгілі болды. Қуандық Бишімбаев көріпкелмен 1,5 жылдай таныс болған және бизнесі мен келешегіне қатысты сұрап отырған.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Қуандық қажылыққа 5 рет барған

Uaqyt.info 2024-04-26T16:49 159
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Қуандық қажылыққа 5 рет барған

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев туралы тағы бір тың ақпарат пайда болды. Істі болып жатқан экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-күйеуінің кіші қажылыққа  мәрте барғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман

Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің дінге деген көзқарасы дұрыс болғанын және қажылыққа бес мәрте барғанына тоқталған.

Айта кетейік, Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын. Судья 29 сәуірде жарғысөз болатынын айтты. Әзірге күдіктінің қанша жылға жаза арқалайтыны белгісіз.

“Баталовтың көңілдесі болдың ба?” Бишімбаев Салтанатқа бір сұрақты 175 рет қойған

Uaqyt.info 2024-05-02T16:33 167
“Баталовтың көңілдесі болдың ба?” Бишімбаев Салтанатқа бір сұрақты 175 рет қойған

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға “Жыныстық қатынасқа түстің бе?” деген сұрақта 175 рет қойған. Бұл туралы жәбірленуші тараптығ адвокаты Дамир Ишмамбетов сотта айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Адвокаттың айтуынша, Қуандық Бишімбаев әйелі өлім аузында жатқанда дәл осы сұрақты 20 минут бойы тоқтаусыз қойған. Сондай-ақ ол сұрақтың арасында Салтанатқа қол жұмсап, өз сұрағына керекті жауап алғысы келген.

“Бишімбаев монотонды дауыспен 20 минут ішінде 175 рет "Сен Райымбек Баталовтың көңілдесі болдың ба?" деп сұраған. Бір видеода Бишімбаев Нүкенованы аяғымен тепкенде қан шашырап жатқанын көруге болады. Видеоны өшірген кезде денесіне ауыр соққылар жасап, өзі естігісі келген сөзді айтқызбақ болды”, - деді адвокат Дамир Ишмамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Бишімбаев «Атамекен» ҰКП басшысы туралы жағымсыз пікір айтқан болатын. Кейіннен өзі туралы айтылған әңгімеге Райымбек Баталов жауап беріп, күдіктінің сөздерін жоққа шығарды.

Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

Uaqyt.info 2024-05-06T11:36 185
Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті деп танылған Қуандық Бишімбаев пен қылмысқа қатысы бар деп айыпталған Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бүгінгі өткен сот отырысында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты. Осыдан кейін судья Айжан Құлбаева үзіліс жариялап, келесі сот отырысы 10 мамырда сағат 10:00-де өтетінін мәлімдеді.

Бишімбаевтың соты кейінге шегірілді

Uaqyt.info 2024-05-10T14:30 155
Бишімбаевтың соты кейінге шегірілді

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың соты 13 мамырға дейін шегерілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сотта үзіліс жарияланды. Келесі сот отырысы дүйсенбі, 13 мамырға белгіленді.