Saturday, 23 November,2024

“Менімен өсті, Мақпалмен өшті”. Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі әншіні не үшін айыптады?

Uaqyt.info 2023-04-06 65354
“Менімен өсті, Мақпалмен өшті”. Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі әншіні не үшін айыптады?

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова тұңғыш рет ел естімеген құпияның бетін ашты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ескерту: Материалды көшіріп басуға тыйым салынады!

Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында Нұрбике Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовпен қалай танысып, қалай отбасын құрғандарын айтып берді. Оның айтуынша, ол Заманбекке университет қабырғасында оқып жүргенде тұрмысқа шыққан.

“Зәкеңмен студент кезімізде үйлендік. 27 жыл бірге тұрдық. Құдайға шүкір, екі баламыз бар. Қайрат 4-ші курста оқып жүргенімде дүниеге келді, одан кейін Құралай өмірге келді. Екеуіне де жақсы тәрбие бердік. Кейін түрлі жағдай болып, екеуіміз ажырасып кеттік. 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырастық. Балаларың үшін, халқың үшін  аман жүр деп шығарып салдым”, - деді Нұрбике Нұрқаділова.

Екі жастың тойы өте қарапайым өтіпті. Нұрбике Нұрқаділова ол кезде Заманбектің қалың малға беретін ақшасы да жоқ еді деп еске алады.

“1965 жылы 29 мамырда тойымыз өтті. Ол кезде Зәкеңнің маған беретін қалың малы да жоқ болатын. Заман сондай болды ғой. Екеуміз де студентпіз. Бізде махаббат пен кедейлік болды. Ал қазір барлығы есеппен үйленетін болып кетті ғой. Жалдамалы үйде тұрдық, Нарынқолдан туыстарымыз картоп беріп жіберетін. Студенттік степендияға өмір сүріп жүрдік”, - дейді Нұрбике Нұрқаділова.

27 жыл тату-тәтті тұрған ерлі-зайыпты 1995 жылы ажырасып, Заманбек Нұрқаділов әнші Мақпал Жүнісоваға үйленеді. Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің бұл таңдауы жүрегіме қатты батты дейді. Оның айтуынша, әншінің соңынан кеткен күйеуінің күйі сол кеткеннен оңалмаған.

“Заманбектің кейінгі махаббаты есепке құрылған махаббат қой. Кейбіреулерге сол керек те болған шығар. Мақпалға қосу арқылы Зәкеңнің көзін құртқысы келгендердің қитұрқы әрекеті ме деп те кейде ойлаймын. Мүмкін Мақпалға сондай тапсырма берілді ме екен?! Оны кім біледі?! Заманбек менімен тұрған кезде жағасы кірлемей, үнемі ақ көйлек киіп жүретін. Ал Мақпалға кеткелі ақ көйлек кимейтін болды. Соны байқаған Қайрат пен Құралай әкелеріне ақ көйлек сатып алып берген кездер де болатын, - дейді Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі.

Нұрбике Нұрқаділова Мақпал Жүнісова араласқан, тілдескен адамым емес дейді.

“Заманбек менімен жүргенде қызметі өсті, дені сау болды, ішімдікке де құмар емес еді, толық та емес болатын. Қалай Мақпалға кетті, денсаулығына да, өзіне де, қызметіне де қарамай кетті. Зәкең барда да, ол өмірден кеткеннен кейін де Мақпал сөйлескен адамым емес”, - деді Нұрбике Нұрқаділова.

Сұхбаттың толық нұсқасын Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.

 

“Аман жүргенім соның арқасы”. Нұрбике Нұрқаділова Сара Назарбаеваға не үшін қарыздар?

Алмас Абылай 2023-04-06 5836
“Аман жүргенім соның арқасы”. Нұрбике Нұрқаділова Сара Назарбаеваға не үшін қарыздар?

Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің әйелі Нұрбике Нұрқаділова Назарбаевтар әулетімен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ескерту: Материалды рұқсатсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Бұл туралы Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов пен Нұрсұлтан Назарбаев уақытында керемет сыйласқан екен. Олардың әйелдері де тығыз қарым-қатынаста болыпты. Нұрбике Нұрқаділова Сара Алпысқызы жайлы естелігімен бөлісті.

“Нұрекеңмен де, Сара апаймен де шәй ішіп жүрдік. Жақсы араласатынбыз. Парадтар да, түрлі жарыстарда, наурыз секілді мерекелерде жиі жолығатынбыз. Нұрекең Зәкеңді өте сыйлайтын. Біз де ол кісілерді қатты сыйладық. Сара Назарбаевамен бірге суық суға құйынып, шынығып жүрдік. Мүмкін осы уақытқа дейін аман жүргенім сол спортпен айналысқанның арқасы шығар” – деді Нұрбике Нұрқаділова.

Сұхбаттың толық нұсқасын Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.

Uaqyt.info бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің не үшін бірінші әйелін тастап, Мақпал Жүнісоваға кеткені жайлы жазған болатын.

“Мақпалға үйленемін деген жоқ”. Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуі жайында

Алмас Абылай 2023-04-12 4363
“Мақпалға үйленемін деген жоқ”. Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуі жайында

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің не себепті отбасын тастап, басқа әйелге кеткенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуінің Мақпалға үйленетін кезде ешкімнен рұқсат сұрамағанына тоқталған. Керісінше кетем деген еркектің алдынан өзім өтіп, шығарып салдым дейді.

“Ол кісі менен рұқсат сұраған жоқ. Алайын, алуыма болады ма?” деген жоқ. Керісінше мен ол кісінің алдынан өттім. "Ақыры кетеді екенсің, екі үйді ортасында жүрме" дедім. Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты есепке құрылған махаббат”, - деді Нұрбике Нұрқаділова.

Uaqyt.info бұған дейін Нұрбике Нұрқаділованың Мақпал Жүнісоваға не үшін өкіпелі екенін жазған болатын.

Заманбек Нұрқаділовтің еш жерде жарияланбаған фотосуреттері табылды

Алмас Абылай 2023-04-13 6514
Заманбек Нұрқаділовтің еш жерде жарияланбаған фотосуреттері табылды

Белгілі саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ешбір жерде жарияланбаған фотосуреттері табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құнды мұрада Заманбек Нұрқаділовтің балалық шағы, қызметтегі кезеңдері мен алғашқы отбасылық суреттерін көре аласыз. Сонымен қатар фотолар арасында саясаткердің отау құрып, үйлену тойына арнайы жасатқан шақыру қағазын да байқайсыз. 

ФОТОСУРЕТТЕРДІ СІЛТЕМЕСІЗ КӨШІРУГЕ, ЖҮКТЕУГЕ, ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

 

“Айтқанының бәрі өтірік”. Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді

Uaqyt.info 2023-04-15 4935
“Айтқанының бәрі өтірік”. Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Нұрбике Нұрқаділованың Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбаты қоғамда қызу талқыланды. Онда Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуі және Мақпал Жүнісова туралы ел естімеген шындықты ашқан еді. Uaqyt.info атышулы сұхбаттың үзінділерін бірнеше мәрте жариялады.

Кейіннен әнші өзі туралы айтылған түрлі әңгімеге нүкте қойды. Ол nege.kz тілшісіне бұл туралы сұхбат бермейтінін айтқанымен, ойындағысын жасырып қала алмады.

Рақмет, қарағым! Даже не стоит! Мен ол кісінің деңгейіне түспеймін. Бәрін өтірік айтып отыр. Сондықтан мен ол кісімен жарысып сұхбат бермеймін. Кешірім өтінем, оттай берсін!, – деді Мақпал Жүнісова.