Saturday, 23 November,2024

Әкемді өлтіргендер, маған да қастандық жасауы мүмкін – Нұрқаділов

Uaqyt.info 2023-04-26 1062
Әкемді өлтіргендер, маған да қастандық жасауы мүмкін – Нұрқаділов

Көрнекті саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің жалғыз ұлы Қайрат Заманбекұлы әкесінің жұмбақ өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қайрат Нұрқаділов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда ол өз-өзін үш рет атып өлтірген әкесінің жұмбақ қазасына қатысты пікір білдірген.

Қайрат Заманбекұлы көзі тірісінде сол күмәнді қазаның шындығын ашуға бар күшін салатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шындықты ашамын деп жүріп өз басына қауіп келетінін де жасырмайды.

« Назарбаевтың адамдарынан қорқамын. Қауіп сол жақтан келуі мүмкін. кетсем де, артымда тұрған халық бар. Солар сұрайды. Бірақ бұл менің парзым, бастадым ба, соңына дейін жеткізуім керек. Назарбаев жауап беруі керек! Әкемді көзін құртқан адамдарға тапсырма сол жақтан берілді ғой. Бірақ оған қазір айтып беретін нақты дәлел болмай тұр ғой. өз-өзімді атып өлтіретін адам емеспін! Сенбеңдер!», - деді Қайрат Нұрқаділов.

“Мерейді шеттетпейміз”. Қайрат Нұрқаділов әкесі асырап алған қарындасы туралы

Uaqyt.info 2023-04-27 1229
“Мерейді шеттетпейміз”. Қайрат Нұрқаділов әкесі асырап алған қарындасы туралы

Белгілі саясаткер, өз-өзіне үш рет оқ атып өлген Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат өгей қарындасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қайрат Нұрқаділов Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Қайрат әкесінің жұмбақ өлімі, өзінің өмірі туралы сыр шертеді. Ол өгей қарындасы Мерей жайлы да сөз қозғайды. Оның айтуынша, Мерей - Мақпалдың сіңілісінің қызы. Заманбек Нұрқаділов бауырына басқаннан кейін, әкеме қатты ұқсап кеткен - дейді Қайрат.

«Мақпалдың бейнэүндеуін әлеуметтік желіден көрдім. Бұл – ақиқат. Мапалдың бұл туралы өзі айтқаны дұрыс болды. Бір сұхбатта Мерейдің әкемнің туған қызы емес екенін айтып қалдым. Содан кейін бұл ісиме өкіндім. Оның жарияланбағаны дұрыс болды. Мерейдің асыранды қыз екенін мен де, анам да, Құралай да біледі. Мерей – Мақпалдың туған сіңлісінің қызы. Сырт келбеті әкеме ұқсайтыны рас, асыраған сол болғандықтан ұқсап кеткен болар. Бірақ Мерей қалай Заманбекқызы болды, Заманбекқызы болып қалады. Біз Құралай экеуіміз оны шеттетпейміз. Әкемнің сыртта басқа балалары жоқ. Мерей – жақсы, ақылды қыз. Қазір института оқып жатыр», – деді Қайрат Нұрқаділов.

“Екі балам шетінеп кетті”. Мақпал Жүнісова қиын тағдыры туралы айтты

Uaqyt.info 2023-05-03 812
“Екі балам шетінеп кетті”. Мақпал Жүнісова қиын тағдыры туралы айтты

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова асырап алған қызы Мерейдің алдында екі баласының шетінеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды. Онда әнші қызына қатысты біраз шындықтың бетін ашып, қалай асырап алғанына тоқталған.

“Менде екі бала шетінеп кетті. Денсаулығым нашарлағаннан кейін, бір баланы асырап алайын деп жүргенбіз. Басқа жерден асырап алайын деп жүргенде, келінім үшінші қызды туады. Осы кезде Зәкең: "Екі қызы бар ғой. Үшінші қызды бізге берсе, қалай болады" деді. Мен "Бермейтін шығар. Тоғыз ай толғатқан бауырындағы баланы қалай бере салады" дедім. Бірақ, Зәкең бірден ұшып кетті. Екеуіміз ұшып барып, шешемнің, келінімнің алдынан өтіп, "Мақпал да бақытты болсын, айналайындар. Осы қызды бізге беріңдер. Артынан құт болып, осы қыздың артынан келін бірден ұл туады" деді. Қазақтың ырымы ғой сол. Менің анам Зәкеңді қатты сыйлайды. Анам "Иә" деді. Анам көзіне жас келіп "Мақпалым-ай, Мақпалым, бақытты болсыншы. Берейік. Сендердің қолдарыңда жаман қыз болмас" деп ақ батасын берді. Содан біз Мерейімізді перзентханадан алдық. Сол кезде Зәкең маған айтпай, құжаттарды бірден Қарағандыда жасатып алып кетті. Шынымен, құтты қыз болды. Артынан екі бауыры дүниеге келді. Екі әпкесі, екі інісі бар", — деді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Мерейдің тегін ауытырмайтынын, асырап алса да өгей әкесін жақсы көретінін жеткізген.

Uaqyt.info бұған дейін Қайрат Нұрқаділов пен Мерей Заманбекқызының қарым-қатынасы туралы жазған болатын.

"Маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі". Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің қызы Құралаймен қатты ұрсысып қалды

Алмас Абылай 2023-05-11 13161
"Маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі". Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің қызы Құралаймен қатты ұрсысып қалды

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралаймен қатты сөзге келіп қалды. Тіпті әлеуметтік желіде "маған қауіп төнді" деп жанұшырған әнші Нұрқаділовтің отбасына байланысты біраз шындықты ақтарған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әнші мен Құралайдың арасындағы жанжал әлеуметтік желіде болды. Мақпал Жүнісова пікірлер арасына өзіне және қызына қауіп төнгеніне тоқталып, Құралай Нұрқаділованы қастандық жасады деп айыптаған. Тіпті пышақ жарақатын салғанын білетіндердің көзі әлі де тірі депті.

"Мені қорқытпаңдар! Сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер әлі тірі. Сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені. Енді әкеңнің әруағын сыйла", - дейді Мақпал Жүнісова.

Мұнан кейін ол Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділовамен ажырасып кетуінің себебін де жазған.

"Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған, көзінің тірісінде басқа байда болды. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты", - дейді әнші.

Көп ұзамай бұл пікірлерге қызы Құралай Нұрқаділова да пікір білдірді. Ол әншіге ескерту жасап, мұрагерлікке мүлде таласпағанын айтады.

"Мақпалдың мәлімдемесіне қатысты жекеме көп хаттар келді. Бұл әйелдің ұяты жоқ екен. Мен барынша үндемеуге тырыстым. Бірақ айтпасқа болмады. Менің анам қанша жыл үндемей келді. Бір сұхбат берген екен. Мақпалдың мұнысы ұят болды, бекер бұлай істеді. Ол менің мінезімді біледі. Мен расымен қатты ашулануым мүмкін. Менің анам туралы бұлай айтқаны болмады. Менің анам әкемнің көзіне шөп салған екен-мыс. Бұл неткен бассыздық. Маған зейнетақы қорынан хабарласты. Менің ешқандай мұрада шаруам жоқ. Біз әкемізден қалған мұраға бірден-бір үміткерміз. Таласатындай дүние болса да біз одан үміттенбедік. Ағам екеуіміз мұраға қызығушылық танытпадық. Сөйтіп бізге зейнетақы қорынан хабарласты. Олардың айтуынша, әкемінің атындағы ақша әр баласына тиесілі. Сондай-ақ оны қордан тек Қайрат қана алып кете алатынын айтты. Ал біз Мақпалмен араласпаймыз. Әкемнің атында шамамен 2 жарым миллион теңгедей ақша боған екен. Осы ақша үшін сонша шу көтеруге бола ма? Мен ақшаға қарайтындай жағдайда емес едім. Әкем қайтқан кезде қатты күйзелісте болдым. Оның үстіне әкем биліктегілерге қарсы шыққан адам болғандықтан ағам екеуімізде сол кездері ештеңе болмады. Ағам жұмысынан айырылды, маған ел қатарлы жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Бізде тіпті жерлеу рәсімін өткізетін ақша болмады. Біреудің отбасын бұзғаны аздай, бұл мәлімдемесі мені таңғалдырды", – дейді Құралай Нұрқаділова.

“Көзіне шөп салған”. Заманбек Нұрқаділов әйелін не үшін тастап кеткені белгілі болды

Uaqyt.info 2023-05-11 5769
“Көзіне шөп салған”. Заманбек Нұрқаділов әйелін не үшін тастап кеткені белгілі болды

Саясаткер Заманбек Нұрқаділов бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділованы не үшін тастап кеткені айтылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда әнші Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелін не себепті тастап кеткеніне тоқталған. Мақпалдың айтуынша, Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің көзіне шөп салған.

"Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған, көзінің тірісінде басқа байда болды. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты", - деп жазды әнші.

Бұған дейін Мақпал Жүнісованың өз өмірі үшін алаңдайтынын, ал қауіпті Заманбектің қызы Құралайдан көретінін айтқан болатын. Бұл туралы Uaqyt.info жазды.