Thursday, 19 September,2024

Қазақстандық журналист кішкентай сәбиімен Түркияда қаза тапты

Uaqyt.info 2023-09-04T14:44 207
Қазақстандық журналист кішкентай сәбиімен Түркияда қаза тапты

Танымал журналист Арайлым Бағытжан сәбиімен Антальяда қаза тапты. Марқұм ірі жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаралы хабарды Атырау облысы әкіінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Антальядан суық хабар келіп жатыр. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Түркияда жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды

Uaqyt.info 2023-09-07T10:39 258
Түркияда жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды

Түркияның Анталья қаласында жол апатына түсіп, ауруханада бірнеше күн ес-түссіз жатқан қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұған дейін сол жол апатынан оның әйелі және екі жасар қызы көз жұмған болатын. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болғанын Uaqyt.info бұған дейін жазды. Қайғылы оқиға 4 қыркүйекте болғанын айта кетейік.