Лауазымын пайдаланған бұрынғы министр ұсталды: Марат Бекетаев екені рас па?
Антикорр бүгін Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін ұстағанын мәлімдеді. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек, экс-министр талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп жазылған хабарламада.
Көп ұзамай ұсталған шенеунік Марат Бекетаев деген ақпараттар тарады. Журналист Михаил Козачков та телеграм-арнасында алып-ұшпа әңгіменің шындыққа жанасатынын растаған.
Антикор бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады
Антикор бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, - делінген мәліметте.
Марат Бекетаев жасырынып қашпақ болған кезінде ұсталды – Бас прокуратура
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталардың алдында жасырынып елден қашпақ болғаны анықталды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Марат Бекетаев шынымен жасырынып қашпақ болған кезінде ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңға сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді”, – деді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, Антикор Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін ұстаған болатын.
Экс-министрді қамау ұстау мерзімі ұзартылды
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астаналық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 ақпанына дейін ұзартты.
Айта кетейік, 2023 жылдың 21 қазанында бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың "лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.
"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген сауал жауабында.
Сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.
23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.