Thursday, 19 September,2024

Ташкентте өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Uaqyt.info 2023-04-24 334
Ташкентте өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында кімдер өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлттық құрама боксшылары Шымкентте оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатында шәкірттерінен зор үміт күтіп отыр.

«Әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық. Ссондықтан әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орны бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін», - деді Мырзағали Айтжанов.

Сонымен:

48 келі - Санжар Тәшкенбай

51 келі - Сәкен Бибосынов

54 келі - Махмұд Сабырхан

57 келі - Серік Теміржанов

60 келі - Талғат Сырымбетов

63,5 келі - Санатәлі Төлтаев

67 келі - Дулат Бекбауов

71 келі - Асланбек Шымбергенов

75 келі - Нұрқанат Райыс

80 келі - Нұрбек Оралбай

86 келі - Сағындық Тоғамбай

92 келі - Айбек Оралбай

+ 92 келі - Қамшыбек Қонқабаев

 

 

 

 

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Uaqyt.info 2023-05-01 451
Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақ жігіттері сәтті бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы BEK Sport арнасының хабарлауынша, қарағандылық Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхамды жеңді. Ал астаналық Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта Болгария боксшысы Радослав Панталеевтің осал тұсын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ел намысын 13 салмақ бойынша қорғайды.

Олар: Санжар Тәшкенбай (48), Сәкен Бибосынов (51), Махмуд Сабырхан (54), Серік Теміржанов (57), Талғат Сырымбетов (60), Санатали Төлтаев (63,5), Дулат Бекбауов (67), Асланбек Шымбергенов (71), Нұрқанат Райыс (75), Нұрбек Оралбай (80), Сағындык Тоғамбай (86), Айбек Оралбай (92), Қамшыбек Конқабаев (+92).

Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксшыларына үндеу тастады

Uaqyt.info 2023-05-02 611
Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксшыларына үндеу тастады

Кәсіпқой мансабында жеңіліс көрмеген, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өзінің қолдау сөзін Жәнібек Әлімханұлы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Онда ол қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеген.

“Сәттілік, бауырлар”, - деп жазды Әлімханұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ел намысын 13 салмақ бойынша қорғайды.

Олар: Санжар Тәшкенбай (48), Сәкен Бибосынов (51), Махмуд Сабырхан (54), Серік Теміржанов (57), Талғат Сырымбетов (60), Санатали Төлтаев (63,5), Дулат Бекбауов (67), Асланбек Шымбергенов (71), Нұрқанат Райыс (75), Нұрбек Оралбай (80), Сағындык Тоғамбай (86), Айбек Оралбай (92), Қамшыбек Конқабаев (+92).

Санжар Тәшкенбай қарсыласын нокдаунға жіберді

Uaqyt.info 2023-05-09 465
Санжар Тәшкенбай қарсыласын нокдаунға жіберді

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай өз жанкүйерлерін керемет жеңісімен қуантты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз қарсыласын нокадаунға түсіріп, жеңіске жетті. Ол өзбек боксшысы Шодиоржон Меликузиевті айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп – 4:1. Uaqyt.info Өзбекстандағы әлем чемпионаты туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Бүгін жеті боксшымыз ширек финалда жұдырықтасады

Uaqyt.info 2023-05-10 412
Бүгін жеті боксшымыз ширек финалда жұдырықтасады

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті. Бүгін шаршы алаңға қазақстандық жеті боксшы шығады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы BEK Sport арнасы жазды.

Олар:

Серік Теміржанов (57 келі) - Сайдел Орта (Куба).

Асланбек Шымбергенов (71 келі)- Макан Траоре (Франция).

Нұрбек Оралбай (80 келі) - Хуссейн Эйшаиш Ишайш (Иордания)

Санжар Тәшкенбай (48 келі)- Кадзума Аратаке (Жапония)

 Махмұд Сабырхан (54 келі) -Мохаммед Амаду (Гана)

 Дулат Бекбауов (67 келі) - Мигель Анхел Мартинес (Мексика)

Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) - Баходир Жалолов (Өзбекстан).

Жалпы, ширек финалға Кубадан – 12, Өзбекстан – 11, Ресей – 8,  Испания – 6, Франция мен Грузия – 5, Иордания, Тәжікстан, Болгария – 4, Қырғызстан, Үндістан, Бразилия, Армения – 3, Жапония, Венесуэла, Таиланд, Моңғолия, Қытай, Әзербайжан, Замбия, Мексика – 2, Тайвань, Шотландия, Аустралия, Хорватия, Венгрия, Беларусь, Колумбия, Гана, Италия, Австриядан бір боксшы өтті. Қазақстаннан жеті спортшы бақ сынайды.