Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір боксшымыздың жолы болмады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
86 келіге дейін өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын аяқтады. Ол өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы. Ересектер арасында әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ал 2022 жылы ұлттық құрама сапында Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.