Saturday, 23 November,2024

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы қайын атасы Тоқаевтан көмек сұрады

Uaqyt.info 2023-12-04T13:36 217
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы қайын атасы Тоқаевтан көмек сұрады

Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев жазадан сытылып кетуі мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан марқұмның әкесі Президент Тоқаевтан көмек сұрап, хат жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелі 31 жастағы Салтанат Нүкенованы 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде ұрып өлтірген болатын. Қазіргі таңда ол қамауда отыр.

 

 

 

Қуандық Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін – адвокат

Uaqyt.info 2023-12-25T18:04 252
Қуандық Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін – адвокат

31 жастағы Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның адвокаты Жанна Уразбахова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері өз брифингінде журналистерге ақпарат берді, біз бұл туралы түсініктеме бермедік. Сондай-ақ, алғашқы күннен-ақ кейбір блогерлер мен журналистер тарапынан көптеген қауесеттер, болжамдар мен нұсқалар орын алғанына қатысты пікір білдірмедік. Салтанат үшін мұндай «лас істердің» ешқайсысына мән бермейміз. Маңыздысы - екі ортада ешқандай татуласу болмаған және болмайды да. Бұл - Салтанаттың отбасының ұстанымы. Осы іске қатысты ұстанымдарыңыз үшін көпшілікке және журналистерге алғысымды білдіремін. Қуандық Бишімбаевтың ісі енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағымен ("Аса қатігездікпен адам өлтіру") тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкін тәркілеп (тәркілеусіз) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу ісі соңына жеткенде барлығы белгілі болады, - деді адвокат.

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Uaqyt.info 2024-01-11T18:03 185
Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Ол 31 жастағы әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қ. Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген ведомствоның ресми жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

Uaqyt.info 2024-01-17T09:35 311
Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып отыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Қуандық Бишімбаев камерада кімдермен отыр? ІІМ жауап берді

Uaqyt.info 2024-01-31T12:34 173
Қуандық Бишімбаев камерада кімдермен отыр? ІІМ жауап берді

Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишібаевтың қандай камерада отырғаны айтылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің сұрағына берген жауабында айтты. Оның айтуынша, Бишімбаевқа ерекше жағдай жасалмаған, ол бәріне ортақ камерада отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қазір Бишімбаевқа қатысты тергеу, сараптама жұмыстарының бәрі аяқталды. Сот іспен танысып, сот ісі болатын күнді белгілейді. Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шығам түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Бұдан бөлек қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да қамауға алынды. Uaqyt.info қоғамда резонанс туғызған қылмыс туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.