"Түстен кейін маңыраған жоқпын": Жазушылар Одағына мүше болған Әміржан Қосанов өзін сынға алғандарды сыбап алды
Әміржан Қосановтың жақында Жазушылар Одағына мүше болуы көптің талқысына түсті. Тіпті жұрт Жаңа Қазақстанда жаңа қыры ашылды деп әңгіме қылған. Осы жағдайға саясаткер жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әміржан Қосанов мәлімдемесін әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда бойында ақындық қасиеті бұрыннан барына тоқталған.
"Байқаймын, мыңға тарта мүшесі бар Жазушылар Одағы қатарына енуім біреулердің қытығына тиіп кеткен сықылды. Алдымен, осынау қызу пікірталасқа себеп һәм сылтау болған, менің Ғани Мұратбаев ағам негізін қалаған, бірақ кейін бір отбасы жекешелендіріп алып, кадр мәселесін бұрып жіберсе де, тақырыпты жалғастырып, өз мінбесін ұсынған "Жас алаш" газетіне рахмет! Елдің бәрі, баса айтсам, басқа ақындар үндемей қалғанда Заманбек пен Алтынбекке арнаған "9 грамм" атты өлеңімді жариялағаны жөн болды! Қайтейін, ашық саясатта көзге түсіп жүрген соң сөзге ілігу - заңды құбылыс.Соларға жауабым мынадай. Мен - өзінің азаматтық позициясын өлеңмен өрнектеп жүрген қарапайым қазақпын", - дейді саясаткер.
Сонымен қатар жазған өлеңдері кезінде "Жұлдыз", "Жалын", "Таңшолпан" әдеби журналдарында, "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Қарлығаш", "Жаңаөзен" жыр жинақтарында, әлеуметтік желілерде, Ютубта жарияланғанын да дәлел ретінде алға тартып отыр.
"Иә, өлеңдерім тым ащы болғандықтан ескі Қазақстанда жеке кітаптарым шыға қоймағаны да рас. Оны да реттермін Жаңа Қазақстан сөзінде тұрса. Біреулер секілді түстен кейін маңыраған жоқпын. Мәселен, Жаңаөзенге арналған өлеңімді сол күндері, біраз мықтылар үндемей қалғанда, жазғанмын дегендей. Оны әлеуметтік лирика деп атайды. Мені көре алмайтындармен салғыласып отыратын уақытым да, зауқым да жоқ", - деп қорытындылайды жазбасын.
Айта кетейік, жақында Жазушылар Одағы қатарына 9 адам мүшелікке өткен болатын.
"3 жыл сахнаға жолатпады": Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек өмірден озған соң қандай қиындық көргенін есіне алды
Әнші Мақпал Жүнісова өткен өмірінен сыр шертті. Онда тіпті Заманбек Нұрқаділовпен қалай тұрғанын, өмірден озғаннан кейін қандай қиындықтар болғанын есіне алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мақпал Жүнісованың әңгімесінен үзінді әлеуметтік желіде тарады. Әнші Ең алғашқы бағдарламасына сұхбат берген. Бейнежазбада ол өткен өмірінен сыр шертеді. Тіпті күйеуі Заманбек Нұрқаділов өмірден озғанда 3 жыл бойы сахнаға жолатпай қойыпты.
"3 жылдай маған сахна берілмеді. Өліммен тең қорлық десем болады сол кезде. Көп сүріндім. Содан анамыздың алдына барып жылаймын. Ол кісі "қызыңды ойла, өсір. Есіңді жимасаң Заманбек сені кешірмейді" деді. Содан қызыма қарадым, сабағына алып барып, алып келіп дегендей. Осылай қайта қолға алдым өзімді", - дейді әнші.
Желідегі жұрт әншінің бұл әңгімесіне қатты толқыған. Басым бөлігі оның ақкөңілділігі мен талантына бас иетінін жазуда.
@videolive.kazz ♬ оригинальный звук - 𝐒𝐚𝐥𝐞𝐦 𝐀𝐥𝐞𝐦
Мақпал Жүнісова кімге сәлем салып жүр? Заманбек Нұрқаділовтің тың бейнежазбасы жарияланды
Заманбек Нұрқаділовтің сыныптастарымен 40 жылдықта бас қосқан бейнежазбасы тарады. Тың видеоны марқұмның жұбайы, әнші Мақпал Жүнісова жариялаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазбаны әнші әлеуметтік парақшасына жүктеген. Видеодан Заманбек Нұрқаділовтің сыныптастарымен кездесуге келген сәтін көруге болады. Амандасу кезінде әнші Мақпалдың да иіліп сәлем беріп жүргенін байқайсыз.
"40 жылдық. Мектеп бітіргендеріне 40 жыл. Зәкеңнің класстастарымен кездесуі", - дейді Мақпал Жүнісова.
Желідегі жұрт бұл естелікке ерекше лебіздерін білдіруде. Басым бөлігі әншінің марқұм болған жұбайы туралы жақсы пікірлерін қалдырыпты.
Заманбек Нұрқаділовке туған жерінде ескерткіш қойылады – Президент
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Осыған орай Алматыда ас беріліп, марқұмды еске алу шарасы өтті. Жиынға президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли де қатысып, Президенттің көңіл хатын көпшілікке оқып берді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев біртуар тұлғаға туған жерінде ескерткіш ашылатынын айтқан.
“Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайлы осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру ұрпақ парызы. Осы орайда Зәкеңнің туған жері Алматы облысының Кеген ауданында ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақтасын ашуды лайық деп санаймын. Заманбек Нұрқаділовтің елге жасаған еңбегі ешқашан ұмытылмайды деп санаймын”, - делінген хатта.
Мақпал Жүнсіова марқұм күйеуіне берілген асқа қатыспады
Белгілі әнші Мақпал Жүнсіова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің рухына берілген асқа қатыса алмады. Ол жолдың жабылуыны байланысты еске алу кешіне үлгере алмай қалған. Айта кетейік, тірі болғанда саясаткер 80 жасқа толар еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын. Әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым. Бүгін Зәкең бар болса 80 жасты тойлар едік. Әттең бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп естіртпейінше сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін Зәке. Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің" , – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Uaqyt.info бұған дейін Заманбек Нұрқаділовке туған жері Кегеннен ескерткіш ашылатынын жазған болатын.