Monday, 16 September,2024

Заманбек Нұрқаділовке туған жерінде ескерткіш қойылады – Президент

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Осыған орай Алматыда ас беріліп, марқұмды еске алу шарасы өтті. Жиынға президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли де қатысып, Президенттің көңіл хатын көпшілікке оқып берді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев біртуар тұлғаға туған жерінде ескерткіш ашылатынын айтқан.  

“Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайлы осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру ұрпақ парызы. Осы орайда Зәкеңнің туған жері Алматы облысының Кеген ауданында ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақтасын ашуды лайық деп санаймын. Заманбек Нұрқаділовтің елге жасаған еңбегі ешқашан ұмытылмайды деп санаймын”, - делінген хатта.

Ұсынылатын