Monday, 25 November,2024

Халыққа былапыт сөз айтқан әкімге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Uaqyt.info 2023-08-04T12:05 275
Халыққа былапыт сөз айтқан әкімге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Instagram әлеуметтік желісі арқылы халыққа есеп беріп, эфирдің соңында былапыт сөз айтқан әкімге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфир кезінде қала әкімі Олжас Нұрмағамбетов ауыздан апат болып, жағымсыз сөз айтқан еді.

Осыдан кейін ғаламторда шенеунікке қатысты жағымсыз пікір қалыптасты. Ол қойылған сұрақтарға шамданса керек, бейәдеп сөз айтуға жол береді.

Алайда әкімнің өзі ондай келеңсіз жағдай болмағанын айтып бейнеүндеу жолдады. Ал Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі әкімге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді.

«Осы постқа байланысты Бурабай ауданының әкімдігіне тексеру басталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Тұрғындарды балағаттаған боғауыз әкімге қатаң сөгіс жарияланды

Uaqyt.info 2023-08-10T13:08 283
Тұрғындарды балағаттаған боғауыз әкімге қатаң сөгіс жарияланды

Тұрғындарды әлеуметтік желіде балағаттаған Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың «Instagram» әлеуметтік желісіндегі дөрекі сөзіне қатысты жарияланымдар анықталды.

Сонымен қатар, әкімнің іс-әрекеті қоғам тарапынан жағымсыз қоғамдық резонанс пен сынға алып келді.

Аталған деректі, сондай-ақ жарияланымдарда баяндалған мән-жайларды зерделеу нәтижелері бойынша а.ж. 8 тамызда Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Олжас  Нұрмағамбетовке Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану үшін материалдар Бурабай ауданының әкіміне жолданды.

Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 8 тамыздағы өкімімен Олжас  Нұрмағамбетовке «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы қажет екендігін хабарлаймыз”, - деп жазды Думан Әбілев.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желі арқылы есеп беру кезінде әкім тұрғындарға қарата ауыр сөз айтамын деп басы бәлеге қалған болатын. Шенеуніктің осы әрекетінен кейін оның үстінен қызметтік тексеріс жүргізілді. Uaqyt.info боғауыз әкім туралы бірнеше материал жазды.

Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, мәйітін үйдің ауласына көміп тастаған

Uaqyt.info 2024-04-23T09:23 233
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, мәйітін үйдің ауласына көміп тастаған

Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастаған әйел ұсталды. Бұл жаныңды түршіктіретін қылмыс Щучье қаласында осыдан төрт жыл бұрын болған. Бес жетімекті қамқорлыққа алғандар екі жасар баланы өлтіріп тастаған. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмепті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

КТК хабарлауынша, бұл қылмыс аяқастынан әшкере болған. Асыранды балалардың бірі жақында басы жарылып, миы шайқалып ауруханаға түскен.

Бағып алған анасы дәрігерлерге байқамай, өлген баланың туу туралы куәлігін әкеліпті.

Ал науқас баланың таяқ жегені анықталған. Осыдан кейін полиция бұл отбасын терксере бастайды. Сөйтсеғ асырап алған екі жасар ұлдары осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған.

Оны ешкімге айтпай, бақшаға апарып көме салған. Ақыл есі кем, денсаулығының кінәраты бар бес балақайды қамқорлыққа берген жауапты мекеме олардың бірін тіпті о дүниелік болғаннан кейін заңдастырған.

Енді олар да заң алдында жауап береді. Қазір күдікті ретінде 60 жастағы әйел қамуға алынды. Күдіктінің 29 жастағы қызы да тергелуде.

“Жас баланың мәйіті табылуына байланысты ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2018 жылғы ұл бала қайтыс болғаннан кейін асырап алушылар тиісті мемлекеттік мекемеге хабар бермеген. Қазір сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды”, - деді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бахтияр Өтекин.

 Тергеу ісіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.