Батырдың жолын кесіп жүрген кім? Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады
Кәсіби боксшы Қанат Ислам Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Қанат Ислам бірнеше жылдан бері елде кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келе жатқанын айтып, мәселеге ел президентінің араласуын сұраған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым - Қанат Ислам. Мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясы 2016 жылдан бері кәсіби бокс кештерін өткіземіз. Қазір танымал болған Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы сияқты спортшылар осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасаған болатын. 2019-2020 жылдардан кейін әртүрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келеміз. Сіз осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға алсаңыз деп үміттенеміз”, - деп жазды Қанат Ислам.
Тоқаевтан көмек сұраған Қанат Ислам рингке оралды
Белгілі боксшы Қанат Ислам 16 желтоқсанда рингке шығады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек. Бұл туралы Prosports.kz жазды.
Қанат 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек.
Айта кетейік, Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады, сол кезде америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.
16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі - Жанқош Тұраров (27-0, 20КО). Ол Алматыда жекпе-жекке шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.
Қанат Ислам Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа үндеу жасағанын бұған дейін жазғанбыз. Онда боксшы бірнеше жылдан бері елде кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келе жатқанын айтып, мәселеге ел президентінің араласуын сұраған еді.