"Жетпегені осы еді..." Бокстан әлем чемпиондарына шапан жапқан Бекболат Тілеуханның әрекеті қызу талқыға түсті
Интернетте бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайға арнайылап шапан жапқан Бекболат Тілеуханның бейнежазбасы тарады. Жұрт бұл жағдайды сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай және оның егізі Айбек Оралбайды байқауға болады. Сондай-ақ Бекболат Тілеуханның жерлесі, үш рет әлем чемпионатында жүлде алған, қазір кәсіпқой бокста жүрген Абылайхан Жүсіпов те бар.
"Бекболат Тілеухан боксшыларды қонақ қылып күтіп, шапан жапты", - деп жазылған бейнежазбаға.
Десе де Бекболат Тілеуханның бұл әрекеті желіде қызу талқылануда. Басым бөлігі оның әрекетін сынға алған.
"Мынаған не керек? Сақалдары өсіп кеткен". "Бұл бәтшағар көрінетін жер аңдып жүр екен-ау". "Сектасына кіргізіп жібереді ғой". "Жетпегені осы еді бізге". "Соңына еріп кетпесе болды", - деген пікірлерін қалдыруда желідегі жұрт.
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады
Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қуанышты жаңалығын боксшы әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода әкесі Тәкен Тәшкенбайға көлік сыйлаған сәтін көруге болады. Артынша иығына шапан жабады.
"Асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Екінші әке - анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деп жазады боксшы.
Желідегі жұрт оның бұл қуанышына ортақ екенін білдірген жылы лебіздерін жазуда.
Белгілі меценат Астанадан мешіт құрылысын бастады
Танымал меценат, «Beles» құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі Астанадан мешіт құрылысын бастады. Құдай үйі Қосшы қаласынан бой көтермек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ізгі жаңалықты Махат Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
“Өздеріңізге қуанышты жаңалығымды хабарлағым келіп отыр.
Алла қаласа, Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында жаңа мешіттің құрылысын бастадық.
Әрине, күмбезі көкпен таласқан құлшылық үйі кез келген елді мекенге көрік беретіні сөзсіз. Өз басым жамағатқа осындай сый жасауды біраз жылдан бері армандап, іштей жоспарлап жүр едім. Құдай сәтін салып, сауапты істі жүзеге асыруға бекіндім.
Мешіттің іргетасын қалау рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, қатысты. Батасын беріп, ақ жол тіледі.
Осыдан 2 жыл бұрын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қосшыға қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Аллаға шүкір одан бері Қосшыдағы халықтың саны 80 мыңнан асып, әлдеқайда көбейе түсуде.
Бұрынғы мешіт ескі мешіт 20 жыл бұрын салынған. Сол үшін жамағатқа мешіт сияқты рухани орда керек деп санаймын. Осы құлшылық үйінің құрылысын сол мақсатпен қолға алып отырмыз.
Алла сәтін салса, «Ондыбай ата» атындағы 500 адам сыятын мешітіміздің құрылысы келесі жылы тамызда толық аяқталуға тиіс. Жанында балаларға діни білім беріп, иманын байыта түсетін медресе болады.
Құдай баршамызға бақ-береке берсін, ісімізді оңғарсын!
Келер жылы жұртшылықтың қуанышына ортақтасып, жаңа мешіттің ашылу рәсімін өткізу баршамызға нәсіп болсын!”, - деп жазды Махат Төреәлі.
Айта кетейік, бұған дейін Uaqyt.info Махат Төреләнің бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға Астананың қақ ортасынан пәтер сыйлағанын жазған болатын.
Сәкен Бибосынов Санжар Тәшкенбайды айқын басымдықпен ұтты
Бокстан Астанада өтіп жатқан VI жазғы Спартакиада ойындарында Сәкен Бибосынов Санжар Тәшкенбайды 5:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы журналист Аслан Қажен өзінің әлуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Астанада бокстан ел спартакиадасы жалғасып жатыр. Бүгін көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай кездесті. Жекпе-жекті көре алмадым. Бірақ, 5:0 есебі тіркелгенін естідім. Яғни, Сәкен айқын басымдықпен жеңді деген сөз. Осымен «Сәкен мықты не Санжар мықты» деген тартыстың нүктесі қойылған сияқты”, - деді журналист.
Боксшы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскер қатарына қабылданды. Аты әлемге әйгілі спортшы ант қабылдап тұрған сәтін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Отанды сүю – иманнан», - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. 20 жастағы спортшыға Астанадан белгілі меценат Махат Төреәлінің бір бөлмелі үй бергенін Uaqyt.info бұған дейін жазды.