14 млн теңге: Алматыда аудан әкімі пара алды деген күдікке ілінді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті Жандос Рахымғалиев қамауға алынған.
«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған», - делінген ведомство хабарламасында.