Friday, 18 October,2024

Алматы облысында тас жолдың бойында көкпар тартқандар ұсталды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2 қыркүйекте сағат 21:40-та Қонаев қаласындағы «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түскен.

“2 қыркүйекте 1979 жылы туған азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаланың шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық ПБ-на жеткізді”, - деді Бауыржан Аленов.

Ұсынылатын