Saturday, 23 November,2024

Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болғандар ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдіктіні ұстады, – дер хабарлайды Uaqyt.info.

8 қарашада Атырау облысы полиция департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республика көлемінде өткізіліп жатқан “Браконьер” жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі құрайтын 76 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Ұсынылатын