Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев екі айға қамалды. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша Қ.Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр”, - делінген хабарламада.