Thursday, 19 September,2024

Ағайынды Қырықбаевтардың бірі Нұрмахан Қырықбаев Алматыда ұсталды

Uaqyt.info
Фото

Атышулы “Қырықбаевтардың” бірі Нұрмахан Қырықбаев Алматыда қолға түсті. Ол 2009 жылдан бері халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram арналардың бірінде жазылды. Онда Нұрмахан Қырықбаевтың Алматыдағы жаттығу залдарының бірінде ұсталғаны айтылған.

Айта кетейік, Нұрмаханға адам ұрлады деген айып тағылып отыр. Естеріңізде болса, бұған дейін “Қырықбаевтардың” тағы бір мүшесі Алмас ұсталған еді.

Бірақ кейіннен оған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Қазіргі уақытта Алмас Қырықбаев Таразда тұрады және жергілікті бокс федерациясымен тығыз байланыста.

 

 

 

Ұсынылатын