"Басе" YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды
ІІМ "Басе" YouTube-арнасының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға неге іздеу жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Uaqyt.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министрліктің берген жауабында "Басе" YouTube-арнасында заңға қайшы контент анықталғаны айтылған.
"Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады", - деп хабарлады ІІМ.
Бұл ретте 2014 жылы Ақтөбе соты Наталья Садықованы жала жапқаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған болатын. Ол кезде оның үстінен кәсіпкерден жеке шағым түскен.
"Одан әрі баптың қылмыссыздандырылуына және әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылуына байланысты іздеу тоқтатылды", - деп түсіндірді министрлік.
Бұған дейін "Бәсе" YouTube-арнасының авторларына Қазақстанда іздеуге жарияланғаны хабарланған болатын. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.