Saturday, 23 November,2024

Бұл жаппай жеріну ме, жоқ, көзбояушылық па? Назарбаевтың есімі тағылған тағы бір оқу орны атауын өзгертті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Астанадағы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын Ұлттық қорғаныс университетінен "ҚР тұңғыш президенті – Елбасы" деген сөздер алынып тасталады. Бұл туралы Cенат депутаты Бекбол Орынбасаров айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Алайда депутаттар құжатты Мәжіліске қайтарды. Себебін Бекбол Орынбасаров түсіндірді. Сөзінше құжатта ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты тағы бір құрметінен айыратын норма бар көрінеді.

"Бүгін біз ерекше заң жобасын қарадық. Парламентте ол егжей-тегжейлі қаралған болатын. Президенттің бастамасымен "Ұлттық қор – балаларға" деген заң жобасы ұсынылды. Құжат Мәжілісте қаралып, бізге түсті. Біз жалпы негізгі тұжырымдаманы қабылдадық. Бірақ заңды талқылау барысында бірнеше өзгеріс енгізуге тура келді. Біріншіден, ақшаны аударуға байланысты. Екіншіден, "Тұңғыш президент және Елбасы туралы" заңның өзгеруіне байланысты біз осы мәселені арнайы қарадық. "Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңның нормасына сәйкес келтіру керек болды. Заңмен Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселесі регламенттелген. Осы университетің атауын Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің есімі деген сөздерді "Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның қолданылуын тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасы деген сөздермен ауыстыруды ұсынды. Сондықтан Сенат заңның жекелеген баптарын мақұлдамауға және аталған баптардың жаңа рекомендациясын ұсынып, оны Мәжіліске қайтаруға тура келді", - деді депутат.

Ұсынылатын