Thursday, 19 September,2024

Дін мәселесі - агрессиялық түрде талқыланып кетті - Балаева

Uaqyt.info
Фото

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін мәселесі неге қоғамда қызу талқыланып жатқанына пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Менің ойымша, бұл заманның ерекшелігіне байланысты. Өйткені әлеуметтік желілерді әр адам өзінің пікірін жазып, сұхбаттарын беріп жатады. Өздеріңізге мәлім, Бұл Ата заңымызда адамның сөз бостандығы мен ой бостандығы туралы жазылған. Сондықтан мұны әлеуметтік желінің ықпалы деп ойлаймын. Мемлекет - ел тұрақтылығын сақтауға және тұрақты дамуына мүдделі. Қазіргі үрдісті айтсам, біз бір адамның пікірін жан-жақты сараламай я болмаса мазмұнын толық білмей, талқылап, өзіміз ойдан шығарылған пікірлерді айтып жатамыз. Меніңше, бұл дұрыс емес. Өкінішке қарай дін мәселесі - агрессиялық түрде талқыланып кетті. Оған жол бермеуіміз керек. Бұл жерде БАҚ-тың рөлі зор, – деді Балаева.

Ұсынылатын