Thursday, 19 September,2024

Ел егемендігі кімге тиесілі? Ресей Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғауға дайын екенін мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі халықты Республика күнімен құттықтады. Сөз арасында елдің тәуелсіздігін қорғауға қашанда көмектесуге дайын екенін де мәлімдеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресей үшін Қазақстан тек көрші мемлекет және сауда-экономикалық алмасуларға қатысушы ғана емес. Бұл сенімді одақтас және интеграционалық серіктес. Ресей елдің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды және қажет болғанда қорғауға көмектесуге дайын, - делінген құттықтауда.

Сонымен қатар қазақстандықтардың өз Отанын шын жүректен бағалайтынын, бауырлас елге амандық пен жаңа жетістіктер тілейтініне де тоқталады.

Ұсынылатын