Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
«Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру аясында Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды.
Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.