Назарбаевтың орнын Смайылов тартып алған ба?
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Үкімет қаулысына сәйкес, қыркүйек айының соңында Назарбаев атындағы мектептер, университет және қордың жоғары қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған. Енді бұл кеңестің басшысы премьер-министр Әлихан Смайылов болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кеңес құрамына сонымен қатар қазіргі президент Тоқаевтың айналасындағы шенділер де кірген. Мысалға тізімнен Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Премьер-министрдің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанмиді көре аласыз.
Айта кетейік, бұған дейін кеңес басшысы қызметін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарған еді.