Thursday, 19 September,2024

Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған тағы бір кеңесінен шеттетілді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір қызметінен шеттетілді. Ол бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті қадағалаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Осылайша Парламент бүгінге дейін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату туралы заң қабылдады.

 "Ұлттық әл-ауқат қоры" туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы заңында көрсетілген "Қорды басқару жөніндегі" кеңестен 6-1-бап алынып тасталды", - делінген құжатта.

Назарбаев басқаратын консультативтік-кеңесші орган Қорды басқару кеңесі болды. Оның міндеттеріне, құжатқа сәйкес, қордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыс, даму стратегиясын бекіту және ұлттық жобалар бойынша жұмыстың басым бағыттарын таңдау кіреді. Сонымен қатар ол Қордың тәуелсіз директорлары ретінде сайлауға кандидаттарды бекіте алады.

Ұсынылатын