Monday, 29 April,2024

Қайрат Нұртастың көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Алмас Абылай
Фото instagram.com/kair_nn

Танымал әнші Қайрат Нұртастың көлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші өрескел жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. деп хабарлайды Уақыт.кз.

Жол ережесін бұзған көліктің видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Онда көліктің артында Қайрат Нұртастың отырғанын көруге болады. Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласында ұсталған.

"Ол ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("Жол белгілерінде көзделген талаптарды орындамау" – еск.) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын