Қарағандыда 15 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қарағанды облысында өгей әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалды. Қаскөй 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, ата-анасының қайталап зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қарады. Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша сот аталған тұлғаға қатысты үкім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағымен ол кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.