Thursday, 19 September,2024

"Қазақстан негізінен орыстілді ел": Ресей өз тілінің жай-күйімен танысу үшін Қазақстанда сауалнама жүргізбек

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресей билігі орыс тілінің жай-күйін тереңірек зерттеу және өзге елдерде орыс тілін қолдау, дамыту мақсатында әеуметтік сауалнама жүргізбекші, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ведомости жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, тіпті бұл жұмыстар үшін Ресей Сыртқы істер министрлігі 35 миллион рубль қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Сауалнама алты елде жүргізіледі.

Яғни Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қытай, Куба және Мысырда. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушылар орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін ұсыныстар дайындамақ. Ұсыныстар Мәскеуде өтетін дөңгелек үстелде таныстырылады.

Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың таңдалған елдерде орыс тіліне деген қызығушылық жоғары деп отыр.

"Қазақстан негізінен орыстілді ел. Жалпы, бұл Ресей Федерациясына салыстырмалы түрде жақын елдер, олардың орыс тілін үйрену дәстүрлері бар", – дейді ол.

Ұсынылатын