Thursday, 19 September,2024

"РФ дегенді ҚР деп ауыстырады, болды..." Сарапшылар Қазақстандағы әр бастама Ресейден алынған көшірме екенін бетке басты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстандық шенеуніктер Ресейдегі бастамаларды еш өзгертпей отандық жобаға айналдырып жүр. Құжатта өзгеретіні тек мемлекет атауы ғана. Бұл кемшілікті Desht сарапшылары бетке басты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ондағы дерекке сүйенсек, мысал ретінде сарапшылар біздің Еңбек министрлігі мен салық органдарының курьерлер мен такси жүргізушілерінің табысын заңдастыру жөніндегі соңғы ұсыныстары мен Ресей шенеуніктерінің бес ай бұрын жарияланған осыған ұқсас ұсыныстарын салыстырып көрсеткен.

"Қазақстандық бюрократия мұның барлығын көшіреді. Импортты алмастыру, "қарапайым заттардың экономикасы" және "ұлттық жобалардан" кішігірім бастамаларға дейін. Кейбір мемлекеттік құжаттарда олар ресейлік стратегиялардың мәтінін толығымен көшіріп қоя салады. Тек қана "РФ" сөзін "ҚР" деп ауыстырады, болды", – дейді сарапшылар.

Десе де сарапшылар пікірінше Ресей билігі соңғы онжылдықта экономикалық саясатта "қате бұрылыс" жасаған, яғни фаворитизм, мемлекеттік капитализм, бюрократия және шектен тыс реттеу күшейген. Бірақ сол қателік Қазақстанда да жүргізіліп отырған көрінеді.

"Бір ерекшелік, Ресейде қолма-қол ақшаға төлемдерді бекіту мәселесі әлі де бар. Ал Қазақстанда финтех индустриясындағы дамудың арқасында бұл мәселе жоқ. Әйтпесе, ұсыныстар бірдей. Екі жақта да сандық платформалардан "әлеуметтік сақтандыруды” талап етеді. Сонымен қатар, екі жақта да "Цифрлық платформалар тізілімін" жасамақшы. Бәрі ұқсас", – дейді сарапшылар.

Ұсынылатын