Тайландтағы жағалаулардың бірінен қазақстандықтың өлі денесі табылды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Тайландта қазақстандық турист көз жұмған. Оның денесін Пхукет полициясы жағалаулардың бірінен анықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ТАСС жазды. Пхукет полициясы Най Янг жағалауынан турист денесін тапқан. Алғашында құзырлы орган Ресей азаматы деген болжам жасағанымен, кейін сараптама кезінде оның Қазақстан тұрғыны екені анықталған.
Қайғылы оқиға жағалауда тұрған дауыл салдарынан болды. Билік ескертуіне қарамастан шомылуға барған туристер табиғаттың тосын мінезіне мән бермей жататын көрінеді. Қазақстандық азамат та осындай жауын-шашын салдарынан жоғалып кетіп, кейін өлі денесі табылып отыр.