Friday, 22 November,2024

Талдықорғанда бюджеттің 109 млн теңгесін букмекерге салып жіберген есепші сотталды

Uaqyt.info
Фото Zakon.kz

Бюджеттің қаражатын құмар ойынға тігіп жіберген есепшіге сот жаза кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі 2021 жылдың 1 наурызынан бері мемлекеттің бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған. Ал ол ақшаны букмекерге тігіп жіберіпті. Сот оған 5 жыл жаза кесті және ол мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

“Кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін, сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуын, жастығын, сонымен қатар сотталушының келтірілген залалды ішінара өтегендігін, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот А.-ға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын