Терроризмді насихаттаған Алматы облысының тұрғыны қолға түсті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Терроризм идеяларын насихаттады деген Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.