Saturday, 23 November,2024

Хиджаб кимеген әйелдер 10 жылға сотталады: Депутаттар заң жобасын бекітуде

Алмас Абылай
Фото ВВС

Иранда ислам үлгісіндегі киім кимеген қыз-келіншектер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Билік заң жобасын бекітуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Иран Парламенті бұл заңды қабылдау үшін дауыс берген. Осылайша 152 парламент депутаты мақұлдап, 34 депутат қарсылық білдірді, 7 депутат қалыс қалды.

Көптеген ирандықтар бір жыл бұрынғы елдегі билік пен полицияның озбырлығына қарсы наразылықтан кейін басын жауып жүруден бас тартқан еді.  

Енді оны конституциялық қадағалау органы – Қамқоршылық кеңесі мақұлдауы керек, содан кейін заң толыққанды күшіне енеді.

Жаңа заңның мақсаты – ирандықтардың исламдық киім үлгісін сақтауына бақылауды күшейту.

Ұсынылатын