Sunday, 24 November,2024

Жемқор әкімдер қайтарылған жер телімдерін олигархтарға беріп отыр – Бақытжан Базарбек

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекет меншігіне өткен жер телімдерін әкімдер оңды-солды олигархтар мен байларға беріп отырғанына сенімді. Ол бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Біз “Жер аманаты” республикалық комиссия нәтижесінде 8,5 млн гектар жерді қайтардық. Бұл “Жер аманаты” комиссиясының үлкен жұмысы. Ең біріншіден қайтарылған жерлер – жайылымды жерлер. Бірақ та соңғы уақытта біз теріс сигналдарды алып отырмыз. Қандай десек, мынау біздің қайтарған жайылымдық жерлерімізді жергілікті жемқор әкімдер оңды-солды жергілікті олигархтарға және бай-қуаттыларға қайтадан беріп отыр. Бұл әкімдер кімдер? Аты-жөндерін бәрін осы жерде атасын. Мен сізге аты-жөндерін ата деп тұрмын. Егер де фамилияларын атамасаңыз, әкімдіктерге шара жоқ. Бізге тиісті қылмыстық нормаларымыз бар. Сондықтан да тиісті аты-жөндерін беріңіз, біз жауапқа тартамыз. Ал егер жұмыс істей алмасаңыздар, министрмен қоса министрліктен қуып шығамыз. Жайылымды жерлерді бірінші халыққа қамтамасыз етуіміз керек”, - деді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

Ұсынылатын