Saturday, 19 April,2025

Елшілік АҚШ-та орналасқан Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға «CBP Home» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақыруда екеніне назар аударамыз делінген хабарламада.

«CBP Home» мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:

- Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;

- АҚШ-та жұмыс жасап, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;

- Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;

- Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;

- Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.

Өз еркімен елдеріне қайтпаған жағдайда төмендегі шараларды қолдану жоспарлануда:

- Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алатын болады;

- Айыппұлдар мен санкциялар. Егер азамат депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 АҚШ долларын құрайтын айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі (бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін). Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады.

- Сонымен қатар, «CBP Home» арқылы қайтатынын білдіріп, еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл салынады;

- АҚШ-қа қайта келуге тыйым салынады. АҚШ аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан көші-қон жүйесі арқылы бас тарту.

Осыған орай, Елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға шақырады.

Ұсынылатын