Жетісу облысында жүргізуші ер адамды бір соққымен өлтіріп қойды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысында жүргізуші мен жаяу жүргіншінің арасындағы жанжал қайғылы аяқталды. Ауыр соққы алған 40 жастағы ер адам аурухана төсегінде есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайғылы оқиға 29 қазанда Алакөл ауданында болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан екі ер адамның ерегесіп қалғанын көруге болады.
Сол сәтте жанжалға қатысушылардың бірі екіншісіне соққы жұмсайды. Алған ауыр соққыдан 40 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті.
Бірақ оның өмірін ақ халаттылар сақтап қала алмады. бойынша тергеу басталды. Қылмыскер 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.