Ақтөбедегі екі жігіттің өлімі: Қылмысқа қатысы бар алты адам қамауға алынды
Ақтөбедегі жанжалдан кейін алты адам қамауға алынды. Ақтөбе облысы прокуроры баспасөз қызметінің хабарлауынша, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Uaqyt.infо.
“Оқиға Қызылжар тұрғын алабында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында болды. Онда полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы барды. Деректерге сүйенсек, Instagram желісінде А. және В. арасында жанжал туындады. Нәтижесінде кәмелетке толмаған В. келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. 2 қаңтар күні сағат 23:00 шамасында А. және С. пышақ жарақатын алған. Екеуі де есін жимастан көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды”, - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокурорының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, екі жігіттің әлеуметтік желідегі жанжалының соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын. Соның салдарынан пышақ жарақатын алған екі жігіт көз жұмды. Қанды қылмыс туралы Uaqyt.infо бұған дейін жазды.