Saturday, 23 November,2024

Әлеуметтік желідегі ерегес екі адамның өлімімен аяқталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтөбеде жаппай төбелес екі жігіттің өлімімен аяқталды. Жас жігіттер Instaqram әлеуметтік желісінде сөзге келіп, кейіннен жанжалды көзбе-көз шешуге жиналған. Соның салдарынан 2006 жылы туған екі жігіт пышақ жарақатын алып, аурухананың жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2-қаңтардан 3-қаңтарға қараған түні болған. Белгілі болғандай, бір топ жігіт әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін кездесіп, топтық төбелес ұйымдастырады. Соның салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алады. 2006 жылы туған екі жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды.

“Жанжал Instaqram әлеуметтік желісіндегі қақтығыстан басталған. Содан кейін олар кездесіп, талқылауға келіскен. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды”,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұсынылатын