1 сәуірден бастап бензин мен солярка қымбаттайды
Uaqyt.info
Фото azh.kz
1 сәуірден бастап АИ-92 бензинінің бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отынының бағасы 12-14 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы azh.kz сайты жазды. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған, оған сәйкес орташа алғанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отынының бағасы 12-14 теңгеге қымбаттайды. Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығарылатын 92-ші бензин литрінің бағасы қазіргі 182-185 теңгеден жоғары, Петропавл мұнай-химия зауытының бензині төмен болады.
Мұнай өнімдерін көтерме саудада жеткізушілерге де жаңа талаптар қабылданды. Енді олардың иелігінде мұнай базаларының болуы немесе оларды кемінде 1 жыл мерзімге жалға алуға міндетті.