- Басты жаңалықтар
- Спорт
- 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль: Қазақстан Азия ойындарын нешінші орынман аяқтады?
10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль: Қазақстан Азия ойындарын нешінші орынман аяқтады?
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан бұл жолы байрақты бәсекені 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы Қытай елінен 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль бар. Көш басында жарыс қожайындары. Олар алтынның санын 200-ден асырды. Екінші орынға Жапония көтерілсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Үндістан алғаш рет төртінші орынға тұрақтады.
1. Қытай – 201-111-71 (383)
2. Жапония – 52-67-69 (188)
3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)
4. Үндістан – 28-38-41 (107)
5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)
6. Қытайлық Тайпэй – 19-20-28 (67)
7. Иран – 13-21-20 (54)
8. Таиланд – 12-14-32 (58)
9. Бахрейн – 12-3-5 (20)
10. Солтүстік Корея – 11-18-10 (39)
11. Қазақстан – 10-22-48 (80).